Көлемін 2 есе арттырып, ал абсолют температурасын 2 есе кеміткен кезде, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?
Ыдыстағы газдың жартысы шығарылып жіберілді. Қалған газдың қысымын бастапқы қысыммен салыстырғанда 3 есе арттыру үшін оның абсолют температурасын қалай өзгерту керек?
Молекулалардың ең ықтимал жылдамдығы 3 есе артса, газдың температурасы қалай өзгереді?
Массасы 320г оттегін температурасы 10К – ға изобаралық қыздыру кезінде қандай жұмыс атқарылады (р = 105 Па):
Көлемі 83 дм3 түтікте температурасы 270С массасы 20 г сутегі бар. Оның қысымын анықта:
Сыйымдылығы 70 м3 бөлменің температурасы 280 К пешті жағып қыздырғанда температура 296 К-ге көтерілді. Егер қысым тұрақты 100 кПа тең болса, ауаның ұлғаю кезіндегі жұмысы неге тең?
Газдың концентрациясы өзгермеген жағдайда абсолют температурасы 3 есе артса, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?
Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса, молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
Егер газ температурасы 2 есе артса, молекуланың орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
Молекуланың орташа квадраттық жылдамдығын тұрақты ұстап, молекула концентрациясын үш есе арттырғанда, идеал газдың қысымы қалай өзгереді?
Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы молекула-кинетикалық теорияның (МКТ-ның) негізгі теңдеуі болып табылады?
Екі атомды газдың бір молінің барлық молекулаларының айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы неге тең?
Берілген көлемде газдың әр молекуласының жылдамдығын екі есе арттырып, ал молекулалар концентрациясын өзгертпесе, онда идеал газ қысымы қалай өзгереді?