Парашютші Парашютші ұшақтан секірген соң парашюті бірнеше секундтан соң ашылады. Парашюті ашылғанға дейін еркін түскен жауынгердің парашюті ашылған соң жылдамдығы кеми бастайды. Жылдамдықтың кемуі себептен ауаның кедергі күші де азая береді. Түсу жылдамдығы қауіпсіз мәнге жетіп тұрақтанып, одан ары қарай парашютші тұрақты жылдамдықпен жерге жетеді. Әскери жаттығу кезінде массасы 80 кг жауынгер ұшақтан парашютпен секіреді. Оның өзімен бірге алған қару-жарақтары мен парашюттің біріккен массасы 30 кг. (Парашют тұрақты жылдамдықпен төмендеу кезіндегі ауаның кедергі коэффициенті 220 кг/с, еркін түсу үдеуі 10 м/c2)
46.Парашют жылдамдығы тұрақтанып, бірқалыпты төмендеу кезінде mg ауырлық күші мен Fк ауаның кедергі күштерінің қатынасы
A) mg > Fк B) mg < Fк