Төмендегі кестеде кейбір жүгіру пәндерінен әлемдік рекордтар көрсетілген



бет1/94
Дата09.04.2022
өлшемі6,84 Mb.
#138526
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
aфиз конт
osip damu , Quizzes in Chemistry, lab 6 in latex.pdf, D001-Педагогика-және-психология, 1 тоқсан БЖБ №1, физика тест 2 пиза

Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика – әртүрлі аралықтарға жүгіру, спорттық жаяу жүру, көптүрлі жарыс, кросс және жарыстардың техникалық түрлерін (ұзындыққа, биіктікке секірулер; ядроны, дискіні, найзаны, зіл шарды лақтыру) біріктіретін олимпиадалық спорт түрі.
Жеңіл атлетиканың көптеген түрлерінен жарыстар стадионда өткізіледі. Ашық стадион радиусы 40 м-дей екі дөңгеленуі (вираж) бар 400 метрлік сопақ жолдан және техникалық пәндерге арналған секторлардан тұрады.
Төмендегі кестеде кейбір жүгіру пәндерінен әлемдік рекордтар көрсетілген:

Пән

Рекорд

Спортшы

Мемлекет

100 м

9,58 с

Усэйн Болт

Ямайка

200 м

19,19 с

Усэйн Болт

Ямайка

400 м

43,03 с

Вайде ван Никерк

ЮАР

800 м

1 мин., 40 ,91 с

Дэвид Рудиша

Кения

1 500 м

3 мин., 26,00 с

Хишам Эль-Герруж

Марокко

3 000 м

7 мин., 20,67 с

Даниэль Комен

Кения

5 000 м

12 мин., 37,35 с

Кенениса Бекеле

Эфиопия

10 000 м

26 мин. 17,53 с

Кенениса Бекеле

Эфиопия

Жартылай марафон 21,1 км

58 мин. 01 с

Джеффри Камворор

Кения

Марафон 42,195 км

2 ч., 01 мин., 39 с

Элиуд Кипчоге

Кения

1. 5000 м жүгіруде рекорд жасаған Кенениса Бекеленің стадион дөңгелегін жүгіріп өту уақыты


A) ≈ 48 с
B) ≈ 54 с
C) ≈ 61 с
D) ≈ 65 с
E) ≈ 72 с
2.Ғаламшардың ең мықты спринтерлері үдемелі қозғала отырып, бастапқы 50 м-де жылдамдықтарын 10 м/с-ке жеткізеді. Осы жағдайдағы үдеудің орташа шамасы
A) 0,25 м/с2
B) 0,5 м/с2
C) 1 м/с2
D) 2 м/с2
E) 4 м/с2
3.Егер ақбөкеннің жылдамдығы 55 км/сағ болса, онда жеңіл атлетші Уссейн Болт екеуінің арасындағы жарыста
A) Уссейн Болт жеңіске жетеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 м/с артық
B) Уссейн Болт жеңіске жетеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 км/сағ артық
C) ешкім жеңіске жетпейді, себебі жылдамдықтары жуықтап тең болады
D) ақбөкен жеңеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 м/с артық
E) ақбөкен жеңеді, себебі оның жылдамдығы жуықтап 5 км/сағ артық
4.Стадионның жүгіру жолыңдағы бұрылысты (виражды) 200 м тұрақты жыламдықпен өткенде рекорд жасаған Уссейн Болттың центрге тартқыш үдеуі
A) ≈ 0,8 м/с2
B) ≈ 1,4 м/с2
C) ≈ 2,7 м/с2
D) ≈ 3,2 м/с2
E) ≈ 5,1 м/с2
5.Кестедегі мәліметтерге сай қашықтықты өтудегі ең жоғары орташа жылдамдықтың ең төмен жылдамдыққа қатынасы
A) ≈ 1,2
B) ≈ 1,5
C) ≈ 1,8
D) ≈ 2,2
E) ≈ 2,5
Жердің Күнді айнала қозғалысы
Бір кездері Париж газеттерінде қызықты хабарлама берілді. Бұл хабарламада саяхатқа барудың арзан және шаршамайтындай тәсілін ұсынатындығы туралы айтылған. Сол үшін 25 сантим ақша алатыны жазылған. Кейбір сенгіш адамдар ақшаларын жіберіп үлгереді. Ақшасын жіберген адамдарға мынандай мазмұндағы хат келген болатын: «Сіз өзіңіздің кереуетіңізде жата беруіңізге болады және Жердің айналатындығын есіңізден шығармаңыз. Сіз әрбір тәулік сайын Парижге параллель 25 000 км жүріп өтесіз. Ал егер Сізге әдемі көріністер ұнайтын болса, терезе шымылдығын ашып, түнгі жұлдызды аспанды тамашалаңыз».
Алаяқтылығы үшін сотқа тартылған кінәлі адам, сот үкімін тыңдап, айыппұл төлегеннен кейін орнынан тұрып, Галилейдің танымал сөзін салтанатты түрде қайталады: «Бәрібір ол айналады!» Негізінде айыпталушының айтқаны дұрыс, өйткені Жер шарының әрбір тұрғыны тек қана саяхат жасап қоймайды, сонымен қатар Күнді айнала Жермен бірге үлкен жылдамдықпен қозғалады. Жер өз орбитасының бойымен әр секунд сайын 30 км жол жүреді. (Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн.км; 1 ай ≈ 30 тәулік )

6.Париж тұрғындарының Күнді айнала «саяхаттауы» кезіндегі орын ауыстыруы 300 млн.км-ге тең болатын уақыт
A) 2 ай
B) 4 ай
C) 3 ай
D) 5 ай
E) 6 ай
7.Жер Күнді айнала қозғалып 2 рад бұрыш сызатын уақытта Париж тұрғындарының жүріп өтетін жолы
A) 300 млн.км
B) 150 млн.км
C) 30 млн.км
D) 450 млн.км
E) 60 млн.км
8.1 ай ≈ 30 тәулік деп алған жағдайда Париж тұрғындарының Күнді айнала 3,5·1011 м жолды жүріп өту уақыты
A) 4 ай
B) 2,5 ай
C) 3 ай
D) 3,5 ай
E) 4,5 ай
9.Париж тұрғындарының Күнді айнала «саяхаттауы» кезіндегі орын ауыстыруы 300 млн.км –ге тең болатын уақытта Жердің орбитасы бойынша сызатын (жасайтын) бұрышы
A) π рад
B) 0,5π рад
C) 1,5π рад
D) 0,3π рад
E) 2π рад
10.Жердің орбита бойымен қозғалысының нәтижесінде 2 ай ішіндегі бұрылу бұрышы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет