Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика. Кросстық дайындық. Легкая атлетика. Кросс-подготовка



Дата16.02.2023
өлшемі11,66 Kb.
#169085
түріСабақ
Байланысты:
д.ш 1
Экзамеционнные вопросы, Òàëàï Ñ?ëòàíáåêîâ «Ê?øïåë³ àëòûí», срс метео, Scan 03 дек. 22 · 12·42·18, Новый документ PDF-WPS Office

Сабақтың тақырыбы:Жеңіл атлетика. Кросстық дайындық. Легкая атлетика. Кросс-подготовка.
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары. Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған. Жеңіл атлетика бойыншаәйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған – 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі. Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары. Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондайақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік. Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (К) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі. Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 түрі кіреді.
Кросстық дайындық. Дене қасиеттерін дамытуға арналған жүгіру техникасын орындау; Төзімділік пен жылдамдықты дамыту және түзетуге арналған жаттығулар кешені.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет