Төмендегілердің қайсысы өкпенің ауруына ЕҢ тән?



бет16/72
Дата13.09.2020
өлшемі371,56 Kb.
#78488
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Байланысты:
пропед тесттттттттт

*+Бронхоспазмға

*Бронхоэктазияға

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Өкпелердің қабыну инфильтрациясына

60. 44жастағы әйел, ентігуге және құрғақ жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде - оң жақ кеуденің ұлғайуына байланысты кеуде қуысының ассиметриясы анықталады, оң жағы тыныс алу актінде қалып отырады, перкуторлы – тұйық дыбыс, тынысы анықталмайды. Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған клиникалық көрініс ЕҢ тән?

*Бронхоспазмға

*Бронхтардың кеңейуіне

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*+Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Өкпелердің қабыну инфильтрациясына

61.22жастағы жігіт, шағымдары - ентігу, «тотық тәрізді» қақырықты жөтел, қызба, кеуде қуысының оң жағында ауыру сезімі, осы жерде бронхофония және дауыс дірілі күшейгені анықталады, аускультацияда - бронхиальды тыныс.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған клиникалық белгілер ЕҢ тән?

*Бронхоспазмға

*Бронхоэктазияға

*Өкпе эмфиземасына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*+Өкпелердің қабыну инфильтрациясына

62. 31 жастағы жігіттің шағымдары - ентігу, құрғақ жөтел, кеуде қуысында ауыру сезімі, қарап тексергенде - кеуде қуысының ассиметриясы, сол жағында қабырға аралықтары шығыңқы, кеуденің сол жағы тыныс алу актында қалып отырады, перкуторлы - тұйық дыбыс, тынысалуы естілмейді. Рентген арқылы тексергенде - сол жағында жоғарғы шекарасы қиғаш орналасқан гомогенді қараю анықталды.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған клиникалық өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпелердің эластикалығының төмендеуіне

*Өкпе тінінің қабыну инфильтрациясына

*+Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*Плевра қуысына ауа жиналуына

*Бронхтардың кеңейуіне

63. Қабылдау бөлімінің дәрігеріне 55 жастағы ер адам келді, шағымдары – таңертеңгі уақытта жөтел, ауз толтыра қақырық тастайды, жағымсыз иісті, тұнып тұрғанда 3 қабатқа бөлінеді.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысына анықталған клиникалық өзгерістер ЕҢ тән?

*+Бронхтардың кеңейуіне

*Өкпеде қуыс пайда болуына

*Компрессиялық ателектазға

*Бронхтардың обструкциясына

*Өкпе тінінің ошақты тығыздалуына

64. Жанұйялық дәрігерге 45жастағы ер адам келді, шағымдары-құрғақ жөтел, дем шығаруы қиындаған ентігу. Қарап тексергенде-кеуде қуысы бөшкетәрізді, қабырғааралықтары кеңейген, тынысалу актінде қосымша бұлшықеттер қатысуда, перкуссияда – қораптық дыбыс, аускультацияда – везикулярлы тыныстың әлсіреуі.

Төменде көрсетілген синдромдардың қайсысында анықталған клиникалық өзгерістер ЕҢ ыхтимал?

*Бронхтардың кеңейуінде

*Өкпеде қуыс пайда болуында

*Бронхтардың обструкциясында

*Өкпе тінінің қабыну инфильтрациясында

*+Өкпелердің эластикалығының төмендеуінде

65. 24 жастағы жігіт, жөтелгенде қанаралас қақырық бөлінуіне, дене қызуының көтерілуіне шағымданып дәрігерге келді. Аанамнезінде – суықтанудан кейін оң бүйірінде қатты ауыру сезімі байқалған, температурасы жоғарылаған. Пальпацияда - оң жауырын астында 6-7 қабырғааралықта дауыс дірілі күшейген, перкуссияда – өкпелік дыбыс тұйықталған.

Төменде аталған аускультативтік белгілердің қайсысы бұл науқасқа ЕҢ тән?

*Құрғақ ысқырықтысырылдар

*Майдакөпіршікті сырылдар

*Ірікөпіршікті сырылдар

*Плевра үйкелісі шуылы

*+Крепитация редукс

66. 54жастағы ер адам, дәрігерге келгендегі шағымдары - таңертеңгі, «ауыз тола» бөлінетін қан түйіршіктері аралас іріңді-шырышты қақырық және аракідік болатын қызба. Анамнезінде – жиі асқынып тұратын созылмалы бронхит. Қарап тексергенде – саусақтары «дабыл таяқшалары », тырнақтары – «сағат шынысы» тәрізді. Кеудесінің сол жағы тыныс алу актынде қалып отырады. Перкуторлы – сол жауырын сызығымен 7 -8-ші қабырғааралықтар деңгейінде - тимпаникалық реңді өкпелік дыбыстың тұйықталуы.

Төменде аталған тыныс шуларының қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

*Крепитация

*Бронхиальды тыныс

*Амфорикалық тыныс

*Ірі көпіршікті сырылдар

*+Майда-, орташа көпіршікті сырылдар

67. 17 жастағы қыз, құрғақ жөтелге, ентігуге, дене қызуының жоғарылауына, кеуде қуысының оң жағында ауыры сезіміне шағымданып жанұйялық дәрігерге келді. Анамнезінде – сырқаттанғанына 2 апта болған, суықтанумен байланыстырады. Қарап тексергенде дәрігер - кеуденің оң жартысының ұлғайғанын және қабырғааралықтардың тегістелгенін анықтады; аускультацияда – тынысы күрт әлсіреген.

Төменде аталған перкуторлық дыбыстардың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ықтимал?

*Тұйықталған- тимпаникалық дыбыс

*Тимпаникалық дыбыс

*Анық өкпелік дыбыс

*Қораптық дыбыс

*+Тұйық дыбыс

68. 37жастағы әйел, қатты ентігуге, кеудесінің оң бөлігіндегі ауыру сезіміне байланысты жедел жәрдемді шақырды. Анамнезінде – кеше, дене шынықтыруы кезінде, кеудесінің оң бөлігінде кенеттен пайда болған ауыру сезімін байқады, кешкісін ентігу басталды, ал ауыру сезімі күшее түсті. Қарап тексергенде: ентігу, цианоз, кеуденің оң бөлігі ұлғайған. Дауыс дірілі анықталмайды. Перкуссияда – тимпаникалық дыбыс.

Төменде аталған синдромдардың қайсысы бұл науқаста болуы ЕҢ ыхтимал?

*Өкпелердің эластикалығының төмендеуі

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*+Плевра қуысына ауа жиналуы

*Өкпе тінінің тығыздануы

*Бронхоэктазия

69. Қақырықты тексергенде анықталғаны: мөлшері - 500 мл, түсі – жасыл-сары, сасық жағымсыз иіспен. Микроскопияда анықталғаны – көп мөлшерде эластикалық талшықтар, бірен-сараң эритроциттер.

Төменде аталған синдромдардың қайсысына аталған өзгерістер ЕҢ тән?

*Өкпе тінінің қабыну инфильтрациясына

*Плевра қуысына сұйықтық жиналуына

*+Өкпеде қуыс пайда болуына

*Обтурациялық ателектазға

*Бронхоспазмға

70. Қан айналым жүйесі дерттеріндегі ентігудің дамуының ЕҢ ықтимал себебі?

+*Кіші қан айналым шеңберінде веналық іркіліс

*Өкпе артерияларының жиырылуы

*Қақпа венасындағы іркіліс

*Тыныс орталығының шамадан тыс тітіркенуі

*Үлкен қан айналым шеңберінде веналық іркіліс

71. Жүрек жетіспеушілігі кезінде гепатомегалияның дамуының ЕҢ ықтимал себебі?

* +Үлкен қан айналым шеңберінде веналық іркіліс

*Тәжді артериялардың жиырылуы

*Құрсақ ағзаларындағы қан айналым бұзылысы

*Мезентериалды қан тамырларының жиырылуы

*Кіші қан айналым шеңберінде веналық іркіліс

72. Жүрек-қантамыр жүйесі патологиясындағы бауыр өлшемдерінің ұлғаюына әкелген себептердің ішіндегі ЕҢ ықтималы?

*Кіші қан айналым шеңберіндегі қан іркілісі

*+Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілісі

*Өкпе қантамырларының жиырылуы

*Тәждік қан тамырларының жиырылуы

*Құрс ақ қуысы ағзаларындағы қанайналым бұзылыстары

73.Жүрек-қантамыр жүйесі патологиясындағы ісінулердің пайда болуына әкелген себептердің ішіндегі ЕҢ ықтималы?

*Кіші қанайналым шеңберіндегі қан іркілісі

*+Үлкен қанайналым шеңберіндегі қан іркілісі

*Өкпе қантамырларының жиырылуы

*Тәждік қан тамырларының жиырылуы

*Құрсақ қуысы ағзаларындағы қанайналым бұзылыстары

74. Жүрек қапшығында ісіну сұйықтығы пайда болуының ЕҢ ықтимал атауы?

*+Гидроперикард

*Гидроторакс

*Асцит

*Анасарка



*Стокс жағасы

75. Жоғарғы қуыс венасының қысылуынан пайда болатын беттің, мойынның, иық белдеуінің, жергілікті ісінуінің ЕҢ ықтимал атауы?

*Гидроторакс

*Гидроперикард

*Асцит

*Анасарка



*+«Стокс жағасы»

76. Төменде көрсетілгендерден қай атау құрсақ қуысына ісіну сұйықтығы жиналуына сәйкес келуі ЕҢ ықтимал?

*Гидроторакс

*Гидроперикард

*+Іш шемені

*Анасарка

*«Стокс жағасы»

77. Оң жақ қарынша гипертрофиясы және дилатациясы жағдайындағы төстіктің сол жақ жиегінде және эпигастрий аймағындағы айқын пульсация не болып келеді?

Жүрек ұшының түрткісі

*+Жүрек соққысы

*Жүректік дөңестену

*Каротидтер биі

*Капиллярлық пульс

78. Жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларында «мысық пырылы» белгісін анықтау үшін қай зерттеу әдісі қолданылады?

*Сұрастыру

*+Пальпация

*Перкуссия

*Аускультация

*Қарап тексеру

79. . Жүректің абсолюттік тұйық дыбыс шекараларын анықтау үшін қай тексеру әдісі дәлірек келеді?

*Пальпация

*+Перкуссия

*Аускультация

*Салыстырмалы перкуссия

*Топографиялық перкуссия

80. Аорта клапаны жеткіліксіздігі бар науқаста жүрек ұшында қысқа және де жай естілетін диастолалық шуыл пайда болды. Бұл шуыл дамуының басты себебі?

Митралді стеноздың қосылуы

*Ақауының митрализациялануы

*Грехем – Стилл шуылы

*Қолқа стенозының қосылуы

*+Функционалдық Флинт шуылы

81. Жүрек ұшында 2-ші тоннан кейін диастоланың аяқ жағында күшейетін шектелген диастолалық шуыл естіледі. Бұл шуыл қандай ақаулыққа көбірек келеді?

*+Митралды қақпақшаның тарылуына

*Митралды қақпақшаның жетіспеушілігіне

*Қолқаның тарылуына

*Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігіне

82. Жүрек ұшынан естілетін шапалақ тәрізді күшейген 1-ші тон көбіне қай ақаулыққа тән?

Митралді қақпақшаның жетіспеушілігінде

*Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде

*Қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінде

*+Екі жармалы қақпақшаның стенозында

*Қолқа сағынасының тарылуында

83. Сол жақ атриовентрикулярлық саңылау тарылуында жүрек ұшынан естілетін диастолалық шуылға ең дәл келетін сипатын атап көрсетіңіз

84. Ірі келген артериялық тамырлар аорта аневризмасымен, кеудеорталық өспелермен, шамадан тыс үлкейген сол жақ жүрекшемен басылып қалғанда, пульстың қалай өзгергені ең көп кездеседі?

Рulsus dificiens

*Рulsus filiformis

+*Рulsus differens

*Рulsus plenus

*Рulsus durus





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет