Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет4/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, курсовой систематика
А-жыныссыз көбеюі; Б-жыныстык, көбеюі: М-мейоз: 1-сифоналъды таллом; 2-зооспорангий; 3-зооспораның шыгуы; 4-зооспора; 5-зооспораның өсуі; 6-антеридий; 7-оогоний; 8-сперматозоид; 9-жүмыртк.а клетка; 10-зигота.

жөне ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара — көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы, диск төрізді көптеген ұсақ хроматофорлары болады. Жыныссыз көбейгеңде жітшіесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген, екеу-екеуден жұптасқан, талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зоо-спора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогомиялы. Антередийі мен оогонийі бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң, зигота редукциялық жолмен бөлінеді де, өсіп жаңа особьқа айналады.

ДИАТОМДЫ БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (ДИАТОМОВЫЕ ВОДОРОСЛИ)

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер (136-сурет). Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды бал-

дырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (8Ю2) сіңеді де, қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайрылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді (137-сурет). Эпитеканың белдеуі гипотеканың беддеуіне қарай тығыз больш жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері-поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді жөне оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен-каратиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин жөне лейкозин түрінде де жиналады.



Вегетативтік көбеюі протопластың митодикалық жолмен бөлінуінің нәтижесіңде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады (137, д-сурет). Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясы-

137-сурет. Пиннулярия:



А-белдеу жағынан қарағандағы көрінісі; Б-жақтау жағынан қарағандағы көрінісі; В-тікесінен жасалған кесіндісі; Г-көлденең кесіндісі; Д-вегетативті көбеюі: 1-эпитека; 2-гипотека; 3-тігіс; 4-түйін; 5-хроматофор; 6-пирен-идтар; 7-цитоплазма; 8-ядро; 9-вакуоль.

нан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бүрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сүйықтың ішіне енеді. Осыңдағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клеткатетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір-бірімен қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды баддырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары- диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісіңде- динамиттер жасауға, дыбысты және ыстықты изоляциялағаңда, металлардың бетін тегістегенде, сүзгілер жасағанда қажетті материал ретінде пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет