Томирис Паташайымы



Дата08.02.2022
өлшемі18,6 Kb.
#124005
Байланысты:
Томирис ханшайымы


Жумабаева Адемай
ҚТ-101
Томирис Паташайымы
Томирис-байырғы сақ елдерінде билеген атақты әйел патшаларының бірі. Ол массагеттер көсемі Спаргистың қызы болған. Томиристің әкесі ел билеуде асқан даналығымен және өз халқын біріктіре алатын басшы ретінде ерекше көзге түскен. Ал анасы болса, босану кезінде көз жұмған. Сондықтан, оны тек әкесі ғана тәрбиелеген. Спаргис қызыр бес жассарлық кезінде атқа мінуге түйреткен. Ал 13 жасында болашақ патшайым қылышпен және найзалармен өте жақсы қолдана алды, екі қолынан садақпен шебер атты. Ат үстінде де асқан шеберлігін көрсете алды. Сөйтіп Томирис бала кезінен бастап әкесінің қарауы бойынша қару-жарақ ұстауды үйреніп, нағыз жауынгер қыз болып өседі.

Уақыт өте келе Томирис өте ақылды және дана бойжеткен болады. Ол жақсы күресіп ғана қоймай, сонымен қатар, өте жақсы стратег болады. Бұны Кирдің басқыншылқ жорық жасаған кезде байқауға болады.Соған қоса патшайым тәнімен ғана емес, жанымен де мықты болған. Томиристің өмір жолы қайғыға, сынақтарға және азаптарға толы болды.


Кир өз жорықтарының бірінде Парсы патшасы Томиристің жары Рүстемді өлтіреді. Ал жаудың қолына тұтқын болып түскен ұлы Спаргапис өз-өзіне қол жұмсайды. Жақындарынан айырылған Ұлы Патшайым қанша қайғыға батса да, нәзік жүрегін мұн басса да, рухын түсірмей, ерік жігерін жинап алып, жаумен бар күш-қуатымен шайқасты. Ол жауынгер әйелдердің – амазонкалардың арғы тегі ретінде белгілі.Жаумен шешуші шайқаста Томирис патшайымымен бірге сақ-қыздары мен әйелдері де ақтық демі таусылғанша асқан табандылықпен қарсылық көрсетті. Сақ қыздарының мұндай қанды шайқастағы ер мінезінен сескенген парсы әскері ойсырай жеңілген екен. Ұрыс даласында "Азия әміршісі" Кир патша да көз жұмады. Осы шайқастан кейін Азияның азулы мемлекеті күш-қайраты мен абыройынан айырылып, бұрынғыдай үрей ұшырай аларлық ел бола алмаған. Осы соғыстан кейін Томирис патша өз елінде талай жылдар бойы билік етіп, өзінің әділдігімен, данышпандығымен халқын талай таң қалдырды.Томирис билік пен үкімет ауыртпалығын толық сезінуге мәжбүр болды.Сақтар өз басшысы туралы жырлар толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жалғасып келеді Алайда,. Томиристі құрметтей ғана қоймай, солай да қорқатын адамдар да болған. Олар оны бищік басынан құлатпақшы болды: патшайымға қарсы интригалар мен қастандықтар жасады. Ал патшайым болса, жауларынан сабақ алып, олардың әскери және әкімшілік тәжірибесінің ең жақсысын қабылдап, бұл білімін өзінің артықшылығына айналдырды.Ол осындай қадамдардың арқасында жеңілмейтін армия құра алды.


Сақ патшайымы Томирис тарихта дана, батыл, үстем әйел ретінде қалды. Ол еркіндік пен тәуелсіздікті бейнесі болып саналады.Патшайым қайтыс болғаннан кейін сақ әскері мен жерін үш ер адам бірге басқарды. Томиристің күрделі де қайғылы өмірі әдебиетте, кинода, музыкада, кескіндемеде мадақталады.


Қазіргі таңда Томиристің бейнесі әлемде әйел адамдарының мықты духынын символы ретінде қарастырылады. Шынымен де, осы сақ патшаймына қарағанда онымен тек таңдануға болады. Менің ойымша, тіпті кейбір әйел топтары Томиристі үлгі ретінде қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет