Топ ​ : сд-128/1 Сабақтың тақырыбы


Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тəртібін жазыңыз



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі124,21 Kb.
#87553
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Новый документ

Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тəртібін жазыңыз. 
1. Тақырыбы 


2. Күні 
3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресатттың аты – жөні 
4. Кіріспе сөз 
5. Хаттың жалпы мазмұнын көрсететін бөлік 
6. Негізгі мəтін 
7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілік сақтау сөздері 
8. Жіберушінің қолы 
9. Қосымша (приложения) берілетін болса, оған сілтеме жазу 
10. Қосымша 
11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мəлімет 
12. Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғанан кейін – «P.S.» таңбаларын қойып тұрып, 
одан кейін жазылған сөздер) 
2. Қызметтік хаттың түрлерін жазыңыз 
а) Ресми хаттар 
ə) Жеке хаттар 
б) Ұсыныс, кепілдемелік хаттар 
в) Сұрау салу хаттар 
г) Шағым хаттар 
д) Жолдама хаттар 
ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ 

– белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, 
зат, ақша) алыс-берісін куəландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін 
ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық 
сипатқа ие болады. 
ҚОЛХАТ

- белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын 
куəландыратын жəне оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп
азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен 
құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рəсімделеді. Сондықтан қолхат 
негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. 
Сенімхат

кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жəрдемақы, стипендия
зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ 


пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куəлік алу үшін 
т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі. 
Сенімхат 1 дана болып дайындалады 
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану 
үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл. 
Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет