Актив
Ырықты
Пассив
Ырықсыз
Қайта жасау
Шығармашылық
Арман
Түс көру
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бәрнәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды.Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы шарт.
Творчестволық қиялдеп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т.б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял – қайта жасау қиялына қарағанда әрі күрделі, әрі қиын.
Арман дегеніміз– өз қалаумызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.