Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады.
Баланың өмір тәжірибесі өсе кале, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отрады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да). Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған.
Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне үқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасайтын алтын адамдардың қиялы мазмұнды келеді.