Қазақстан Республикасындағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.

Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:
ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;
биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.