Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
ҚР «Ветеринария туралы заңы»
ҚР «Ветеринария туралы заңы» бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:
Бірінші тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.