Тоқпан жіліктің сынуы және шынтақ өскінінің сынығы Қабылдаған: Турбеков Н. Т



бет3/7
Дата04.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#151638
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖМ 011 Травма (копия) (копия)

Тасымалдауы: Крамер шинасы арқылы.Сау жақ иық буыны үстінен мойынның артымен сынған жақ иық бойы үстімен, қолдың сыртқы жағы, алақан саусақ буынына дейін, қолтық астына жастықша қойып дәкемен мықтап бекітіп қояды. Сөйтіп 3 буынды бекітеді. Жеткізілген соң рентген жасап көреді.

  • Тасымалдауы: Крамер шинасы арқылы.Сау жақ иық буыны үстінен мойынның артымен сынған жақ иық бойы үстімен, қолдың сыртқы жағы, алақан саусақ буынына дейін, қолтық астына жастықша қойып дәкемен мықтап бекітіп қояды. Сөйтіп 3 буынды бекітеді. Жеткізілген соң рентген жасап көреді.

Емдеуі

  • Сынған жерге 1 % 20мл новокаин ертіндісін енгізеді, сынықты орнына салуға 3 адам қажет. Бірінші көмекші шынтағын 90С-қа бұрып, бір қолмен тоқпан жіліктің айдаршық маңынан ұстайды, екінші қолымен білезік буынын ұстайды. Ал екінші көмекші бір қолымен қолтық астынан екінші қолымен иық үстінен алады. Сөйтіп орталық бөлікті мықтап ұстап тұрады. Бірінші көмекші тоқпан жілік бойымен төмен сәл сыртқа қарай тартады. Осы кезде дәрігер саусағымен шығыңқы тұрған шеткі бөлікті қолмен ұстап қаншалықты төмен ығысқанын байқап тұрады. Қолтық астынан тығыз жастықша қойып шынтағын денесіне жапсыра тиістіруін сұрайды. Осы қалыпта 2-2,5 ай гипстік байлам салады. Тексеріс рентген жасап көреді.
  • Операция жасауға нақты көрсеткіштер:
  • 1. Ашық сынықтар
  • 2. Сүйек бөліктерінің арасына жұмсақ тіндер ілініп қалса мұндай жағдайда сынған жерді қолмен ұстағанда сықыр болмайды
  • 3. Ірі қан тамырлары, нервтер зақымдалатын болса
  • 4. Жаңқаланып сынып (оскольчатый) жаңқаның бір бөлігі сүйектің өстік бойына көлденең тұрса
  • 5. Жабықтай орнына салынбаса ; Аддукциялық сынық - ол қолдың денеге жапсыра отырып құлағанда пайда болады. Мұндай жағдайда орталық бөлігі сыртқа, шеткі бөлігі астына ішке қарай ығысады.
  • Клиникасы: иық буыны маңында сыртқы пішіні өзгереді, қолы қысқарады буында ерікті қозғалыс жасай алмайды. Орталық бөлігінің ұшы шодырайып сыртқа қарсы шығып тұрады,оның астында сәл ойық пайда болады.Ұстап көргенде сықыр байқалады.Кейде саусақтары көгеріп ұйюы мүмкін.Оның себебі қантамырмен нервті басып тұруына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет