Тоқпан жіліктің сынуы және шынтақ өскінінің сынығы Қабылдаған: Турбеков Н. Т



бет2/7
Дата04.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#151638
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖМ 011 Травма (копия) (копия)

Бұдырларының сынуы

Көбінесе үлкен бұдырлары сынады. Ол бұдыр маңына тікелей соққы тигенде немесе жауырынның қырүстілік, қырастылық, кіші дөңгелек бұлшық етінің шектен тыс жиырылуынан жұлынып сынады. Бұдыр сол еттердің жиырылу себебінен жоғары сәл артқа ығысады. Тікелей соққы тигенде кейде акрамион өсіндісі астына кіріп кетеді. Клиникалық көрінісі: иық буынының сыртқы жағы ісінеді, иықты алдына, артына қарай сәл қозғалта алуы мүмкін, көлденең көтере алмайды, қатты ауырады. Қолдың ұзындығы қысқармайды, алақаны ішке артқа қарай бұралып,басбармағы артқа қарай қарап тұрады. Себебі, кіші бұдырға бекитін төстің үлкен қара бұлшық етінің жиырылу себебінен жоғарыдай қалыпта тұрады. Тасымалдауы: Дезо байламы немесе Крамер шинасы үш буынды бекітіп жеткізіледі.

Емдеуі

  • Сынған жерге 1% -ті 20мл новокаин ерітіндісін енгіземіз, тері астына 2%-ті 1мл промедол енгіземіз. Сөйтіп тоқпан жілікті көлденең деңгейде 90С-қа көтереміз, шынтақты 30-40С артқа апарамыз, қолды 60С жоғары артқа бұрамыз. Өйткені, жалпы сүйекті орнына салу принципі ол әрқашанда шеткі бөлікті орталық бөлікке апару. Торокоброхиальды гипс саламыз. Жоғарыдағыдай қалыпты Дамье қалпы деп атайды немесе(голосующий)қалпы деп атайды. 1,5-2 айға гипс саламыз, тексеріс рентген жасаймыз, егер орнына түспесе операциалық жолмен емдейміз. Сынған жерді ашып бұдырдан 2 тесік жасап, П тәрізді копрон жіппен орнына тігіп бекітеді.Дезо гипс саламыз.

Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынуы

  • Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнының сынуы Құлаған кезде қолдың қандай қалыпта қалуына байланысты абдукциялық, аддукциялық және шаншылып сыну деп 3-ке бөлінеді. Қолды не шынтақты сыртқа қарай керіп барып құлағанда сынықтың орталық бөлігі қолтықтың астына төмен қарай ығысады.Шеткі бөлігі сыртына,үстіне қарай ығысады.Мұны абдукциялық сынық деп атайды.

Клиникалық көрінісі: Сырттай қарағанда сол маңның сыртқы пішіні өзгереді, қол қысқарады, тері астынан шеткі бөліктің ұшы шығыңқы тұрады. Оның үстінде сәл ойық болады. Қолтық астынан қарағанда орталық бөліктің ұшы шығыіқы тұрады. Ерікті қозғалыс болмайды. Кейде қолдарының ұюы мүмкін, өйткені орталық ұшы жүйке бағаналарын басуына байланысты. Кейде ұстап көргенде сықыр байқалады. Шынтақ буыны денеден әлдеқайда алшақ тұрады.

  • Клиникалық көрінісі: Сырттай қарағанда сол маңның сыртқы пішіні өзгереді, қол қысқарады, тері астынан шеткі бөліктің ұшы шығыңқы тұрады. Оның үстінде сәл ойық болады. Қолтық астынан қарағанда орталық бөліктің ұшы шығыіқы тұрады. Ерікті қозғалыс болмайды. Кейде қолдарының ұюы мүмкін, өйткені орталық ұшы жүйке бағаналарын басуына байланысты. Кейде ұстап көргенде сықыр байқалады. Шынтақ буыны денеден әлдеқайда алшақ тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет