Тоқпан жіліктің сынуы және шынтақ өскінінің сынығы Қабылдаған: Турбеков Н. Т



бет6/7
Дата04.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#151638
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖМ 011 Травма (копия) (копия)

Шынтақ өскінінің сынығы

Бұл сынық көбінесе шынтақ өсіндісіне тікелей құлағанда немесе тікелей соққы тигенде болады. Кейде үшбасты бұлшықеттің шектен тыс жиырылуы салдарынан жұлынып сынуы кездеседі. Шынтақ өсіндісінің сынуы буынішілік сыныққа жатады.

Клиникасы: буында қан жиналуы(гемартроз) себебінен буын көлемінің үлкеюі, шынтақ буыны маңының тегістеліп кетуі, өз еркімен шынтақ буынын жаза алмауы жатады. Себебі шынтақ буынды жазатын тоқпан жіліктің үшбасты бұлшықеті осы өсіндіге бекиді. Ол бұлшыкеттің қызметі шынтақ буынын жазу.

шынтақ буынына 1% новокаин 15мл енгізіп, тері астына 2% Імл промедол ерітіндісін енгіземіз. Екі көмекші қажет. Бір көмекші бір қольмен бас бармақты, екінші қолымен қалган саусақты ұстап өзіне қарай тартады. Екінші көмекші бір қолымен тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінен артқа қарай тартады. Осы кезде дәрігер саусағымен алдынғы жақта шығып тұрған кәрі жілік басын сыртқа қарай итеріп, өз орнына басады. Шыққан сүйекті орнына салғанда кәрі жілік сьнығы өз қалпына келеді.

  • шынтақ буынына 1% новокаин 15мл енгізіп, тері астына 2% Імл промедол ерітіндісін енгіземіз. Екі көмекші қажет. Бір көмекші бір қольмен бас бармақты, екінші қолымен қалган саусақты ұстап өзіне қарай тартады. Екінші көмекші бір қолымен тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігінен артқа қарай тартады. Осы кезде дәрігер саусағымен алдынғы жақта шығып тұрған кәрі жілік басын сыртқа қарай итеріп, өз орнына басады. Шыққан сүйекті орнына салғанда кәрі жілік сьнығы өз қалпына келеді.

Монтеджи және Галеаций сынықтары

  • Бұл сынықтардың 2 түрі болады. Ол жарақат алу себебіне байланысты бүгулі, жазулы қалыпта сынады. Олар көбіне тікелей соққы тигенде болады. Монтеджи сынығында шынтақ сүйегі жоғарғы немесе ортанғы 1/3 бөлігінен сынып, кәрі жілік басы орнынан тайып кетеді. Бұл сынық бүгулі қалыпта немесе қол жазулы қалыпта соққы тигенде болады. Бүгулі сынықты қорғаныс сынығы деп атайды. Бұл жағдайда бірінші соққы шынтақ сүйегіне тиіп, әрі қарай кәрі жілік басы алдына үстіне қарай ығысады. Шынтақ буыны және білектің жоғарғы 1/3 бөлігі ісінеді, шынтақ буынын бүге алмайды. Себебі шынтақты әрі қарай бүккен жағдайда кәрі жілік басы жұмсак тіндерді езеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет