2.Классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделуі қажет
Адамдар әсерінен болған өзгерістер классификацияда ескерілуі керек
Топырақ көрсеткіштері,қасиеттері
Басты морфологиялық белгілерге топырақтың құрылысы, топырақтың және оның қабаттарының қалыңдығы, түсі, түйіртпектілігі,құнарлылығы т.б жатады.
Топырақтың түсі бірден көзге көрініп байқалатын белгі. Көптеген топырақтардың атауы оның түсіне байланысты қойылған. Мысалы: қара топырақ, қоңыр топырақ, күлгін топырақ т.б.
С.А. Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы, түсі негізінен төменгі қосындылардың 3 тобына байланысты. Олар: 1– қарашірінді, 2- темір қосындылары, 3 – кремний қышқылы, көмір қышқылды әк, каолинит.