3. Себуден кейін (күтіп-баптау кезеңінде) топырақты өңдеу. Еккеннен кейін және ауылшаруашылық дақылдарын жинағанша топырақты өңдеуді жаппай өскін алу, өсімдіктің өсуі және дамуы үшін ең қолайлы жағдай қалыптастыру, себу (сіңіру) және тамыр жайылатын қабатта ауа айналымын оңтайландырумен, топыраққа жауын- шашынның өтуін жақсарту және онда ылғалдың сақталуын қамтамасыздандыру, топырақтың агрофизикалық қасиеттерін оңтайландыру және арамшөптерді жою мақсатында жүргізеді. Ол бірқатар технологиялық тәсілдерден тұрады: егістікті нығыздау, егістікті өскін пайда болғанша және өскін пайда болғаннан кейін тырмалау, қатараралықтарды өңдеу, өсімдіктерді түптеу және топырақты эрозиялардан қорғау мақсатында жүргізілетін арнаулы агротехникалық шаралар (үзік-үзік қарықтау, қатараралықтардағы топырақты саңылауландыру).