Топырақты тұқым себер алдында өңдеу


Қатараралықтарды өңдеу, түптеу, топырақ қорғағыш арнаулы тәсілдер



бет4/5
Дата25.02.2022
өлшемі21,15 Kb.
#133298
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 7 (1)

Қатараралықтарды өңдеу, түптеу, топырақ қорғағыш арнаулы тәсілдер. Отамалы дақылдардың қатараралықтарын өңдеуді негізінен арамшөптерді жоюға және топырақтың агрофизикалық қасиеттерін жақсарту үшін жүргізеді. Және де соңғысы ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге тығыздығы оңтайлы тығыздықтан жоғары болғанда ғана маңызды. Мұндай жағдай қарашіріндісі 3,7 % кем топырақтарда болады.
Арамшөптермен күресу үшін қатараралықтарды терең емес, 3-5 см, арамшөптер пайда болуына қарай жүргізу керек. Агрофизикалық қасиеттерін реттеу мақсатында қатараралықтарды арасына 3-4 апта салып өңдеуді 4-6 см бастап; 6-8; 8-10; 10-12 см тереңдікпен аяқтау қажет. Екінші және үшінші рет қатараралықтарды түптеумен үйлестіре жүргізу тиімді. Бұл операцияны арнаулы құралмен (икемшікпен) - әртүрлі пішінді түптегіштермен орындайды. Түптеу кезінде топырақ қорғау алаңын және өсіріліп жатқан өсімдіктердің қатарындағы арамшөптерді жабады. Мұндайда түптеу арамшөптерді жоюшы құрал ретінде болады.
Сүрі жерді өңдеу барысында мынадай міндеттер шешімін табады:

  1. Арамшөптермен күресу

  2. Ылғал жинау

  3. Топырақтың жырту қабатының санитарлық күйінің жақсаруы

  4. Құнарлылығы төмен, агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттері қолайсыз жырту қабаты жақсара түседі.

Таза сүрі жерлерде – сүрі жерді алғашқы өңдеу мамырдың соңы – маусымның басында басталады, кейінгілері әрбір 18-20 тәуліктен соң. Өңдеу тереңдігі 8-12 см аспайды. Соңғы өңдеу тамыздың екінші жартысында қыркүйектің басында 25-27 см. Мұндай сүрі жерлерге теріс қасиеттер тән: жауын-шашын жеткілікті толық пайдаланылмайды, топырақтың жоғарғы қабаты шаңданады.
Бұл кемшіліктерді ішін-ара немесе толығымен болдырмас үшін механикалық өңдеулерді гербицидтермен өңдеумен алмастырады (гербицидті сүрі жер).
Ықтырмалы сүрі жерде жазықтілгішті өңдеуге қосымша қар тоқтату және топырақты эрозиядан қорғау үшін биік сабақты өсімдіктер (қыша, күнбағыс) өсіріледі. Шілденің бірінші онкүндігінде жел бағытына көлденең СКН-3 немесе СЗС-2,1 тұқымсепкіштерімен әрбір 10-12 м сайын 2-3 ізді ықтырмалар себіледі. Ықтырмалы сүрі жерлерге қыста және көктемде аяздардан қорғау үшін күздік дақылдар себіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет