Топтар эф-19-5к2,эф-19-5к3,эф-19-5к4,эф-19-5тк 1 деңгей Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері


деңгей 1.Трансферттік баға белгілеу және салықтық бақылау



бет49/71
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#168555
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
СМ ответы

3 деңгей
1.Трансферттік баға белгілеу және салықтық бақылау
Трансферттік баға – бұл бухгалтерлік есеп практикасы, бұл компаниядағы бір бөлімшенің ұсынылған тауарлар мен қызметтер үшін екінші бөлімшеден алынатын бағасын білдіреді. Трансферттік баға еншілес ұйым, аффилиирленген компания немесе сол ірі кәсіпорынның бөлігі болып табылатын жалпы бақыланатын компаниялар арасында айырбастау тауарлары мен қызметтерінің бағаларын белгілеуге мүмкіндік береді. Трансферттік баға корпорациялардың салық үнемдеуіне әкелуі мүмкін, бірақ салық органдары олардың талаптарына қарсы бола алады.
Салықтық бақылау – қаржылық бақылау элементі және салық механизмінің бөлігі. Салықтық бақылау әрекеттері салық салудың барлық жүйесін қамтиды да, ол жеке салыққа, салық төлеушілер тобына, территорияларға қатысты жүргізіледі. Салықтық бақылау салық салудың заңнамалық негізін, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ерекшеліктерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, барлық экономиканы қамтиды.Салықтық бақылау қажеттілігі салық салудан салық төлеушілердің жиі жалтарудың жағдайларынан туындайды. Бұл құбылыс салық салумен қатар дамыды және тұрақты заңдылық нысанын иеленді. Салықтан қашудың көптеген әдістері бар, нәтижесінде мемлекет кейде салықтық төлемдердің өте жоғары сомаларын ала алмайды.
2.Корпоративтік салық менеджментінің коммерциялық ұйымның салық ағымдарын басқару жүйесі ретінде ролі
Корпоративтік салықтық менеджмент – кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің ажырамас бөлігі, салық төлеушінің салық ауыртпалығын азайтудағы заңды құралы; Қазіргі таңда корпоративтік салықтық менеджмент салық саясаты мен мемлекеттік бюджеттің міндет пен мақсаттарымен шектелген. Корпоративтік салықтық менеджменттің мақсаты – салық заңнамасы арқылы барлық ерекшеліктерді пайдалану арқылы салық салуды оңтайландыру және басты мақсатына келетін болсақ, қаржылық әрекеттің кемшіліктерін уақытылы анықтау және жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған қорларды табу және оның төлем жасай алу қабілетін салықтық төлемдерді реттеу арқылы жақсарту. Бұл мақсаттарды орындау үшін бірнеше міндеттерді шешу керек:Өндірістік, коммерциялық, қаржылық әрекеттердің әртүрлі көрсеткіштерінің арасындағы себеп-салдарлық өзара байланысты зерттеу негізінде қаржылық қорлардың түсуі туралы баға беру және оларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту тұрғысынан пайдалану.Шынайы шаруашылық әрекет жағдайын және жеке, қарыз қорларының бар болуын негізге ала отырып, мүмкін болатын қаржылық нәтижелер, экономикалық тиімділік болжамын жасауды қамтамасыз ету, қорларды әртүрлі пайдалану нұсқалары бойынша қаржылық жағдайдың үлгілерін жасау.Қаржылық қорларды нәтижелі қолдануға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет