«Салықтық менеджмент» пәні бойынша емтихан сұрақтары Емтихан түрі : жазбаша
топтар ЭФ-19-5к2,ЭФ-19-5к3,ЭФ-19-5к4,ЭФ-19-5тк 1 деңгей 1.Нақтылау сапасындағы салықтың функциялары және олардың мәндері.
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес: «Салықтар - мемлекетте біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер»-деп анықтама берілген. Әрине, бұл анықтама заңды тұрғыдан алғанда, салықты оны төлеудің нақты мерзімі кезінде, жеке салық төлеушінің жеке салық төлемінің ерекше жағдайын сәтті сипаттайды. Алайда, іс жүзінде, салықтардың экономикалық мазмұны жан-жақты және оның тамыры тереңде- десекте болады. Салықтар нарықтың, нарықтағы қаржы-шаруашылық қызметінің ажырамас атрибуты болып табылады, сондықтан салықтардың мәні мен оларды басқару сипаты объективті заңдармен және нарық пен тауар-ақша қатынастарының жұмыс істеу заңдылықтарымен өзара байланыста қарастырылуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, салықтар ұдайы өндіріс процесінің толыққанды қатысушысы ретінде мемлекеттің қоғамға беретін қоғамдық тауарлардың бағасын білдіреді. Қазіргі заманғы мемлекетке қоғамдық игіліктерді (қызметтерді) ұсыну процесінде келссі функцияларды: 1) қорғаныстық; 2) құқық қорғаушылық; 3) саяси; 4) әлеуметтік; 5) экономикалық; 6) өзге де функцияларды орындауға міндетті және олардың орындалуы тікелей немесе жанама түрде қоғамдық тұтыну эффектісін (нәтижесін) береді. Мемлекеттің макроэкономикалық заңды тұлға ретіндегі қызмет шеңберінде- аталған функцияларды орындау процесінде қоғамдық игіліктер құрылады және бөлінеді (оларды мемлекеттің қызметтері деп атаймыз). Мемлекеттің немесе оның жекеленген құрылымдары мен өкілдерінің өздерінің функцияларын немесе функционалдық міндеттерін орындаумен немесе тиісінше, орындамауымен байланысты емес қызметі, әдетте, қоғамдық игіліктердің нақты шығуымен және қажетті оның көлемі мен сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетумен қатар жүрмейді .