4. Салық менеджментінің макро және микро деңгейдегі мақсаты мен міндеттері Салықтық менеджмент түсінігіне қаржылық менеджменттің кәсіпорын деңгейінде және мемлекеттік қаржылық шаруашылық деңгейіндегі салық бөлігіне жатқызуға болады, яғни мемлекеттік қаржы және кәсіпорын қаржысы болып қаржы жүйесінің жалпы бөлінуіне сәйкес салықтық менедментті екі тармаққа (деңгейге)бөлуге болады:
- макродеңгей- мемлекеттік салықтық менеджмент
- микродеңгей-кәсіпорындардың (ұйымдар) немесе корпоративті салықтық менеджмент
Салықтық менеджмент бес бөлімді қамтиды: салықтық әкімшелендіру, салықтық реттеу, салықтық жоспарлау, салықтық бақылау және салықтық
тіркеу. Бағыттардың әрқайсысы салық төлеушілер мен салық аналитиктері,салық консультанттары үшін ӛте маңызды болып табылады. Макроэкономикалық деңгейде салық салу құрылымы салықтық құқық, салық салу, салық саясаты, салықтық жүйе және салық механизмін қамтиды.
Микро деңгейде салықтық менеджмент кәсіпорынның басқару органдарының артықшылықтары болып табылатын салық процесінің кейбір элементтерін ғана қамтиды: салық саясаты, салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және ұйымның (кәсіпорынның) салықтық бақылауы. Салықтық менеджмент кіріс және шығыс салық ағындарын басқару саласындағы тиімді шешімдер қабылдауды көздейді. Осындай шешімдердің қабылдануы мемлекеттің осы элементті құрайтын барлық элементтері үшін тұтастай алғанда экономика деңгейінде ұйымдастырған салық процесі шеңберінде жүзеге асырылады. Макроэкономикалық деңгейде салықтық менеджменттің айырмашылығы, кәсіпорын деңгейінде басқарушылық шешімдерді қабылдау кәсіпорынның басқаруында дербес ұйымдастыратын және пайдаланатын салық процесінің элементтері үшін ғана жүзеге асырылады.
5.Мемлекеттік және корпоративтік салық менеджменті: жалпы және ерекше Корпоративтік салықты менеджменттің негізгі міндеті басқару шешімдерінің негізінде қабылданған белгілі бір кәсіпорынмен тӛленген салықтарын азайту болып табылады. Корпоративтік салықты менеджменттің түпкі мақсаты - салықты азайту және оңтайландыру арқылы кәсіпорынның кірістерін (ақшалай қаражат қозғалысын) арттыру болып табылады. Корпоративтік салықтық менеджмент салық тӛлемдерін тӛлеу бойынша міндеттерді орындауға байланысты туындайтын кәсіпорындармен мемлекеттің салықтық қатынастарды басқару мәселелерін шешуге арналған.
Кез-келген ұйымдық құрылым сияқты, салықтық менеджмент белгілі бір ұйымдастырушылық принциптерге негізделеді, олардың арасында біз тӛмендегілерді ажырата аламыз:
- салықтық басқарудың динамизмі;
-басқарудың салықтық шешімдерінің кешенді және стратегиялық
сипаты;
- экономиканы және қаржыны басқару жүйесімен өзара қарым-қатынас;
- көп нұсқалы тәсілдер мен басқару шешімдері;
- шешім қабылдау кезінде тәуекел есебінің факторы.
Бұл аталған принциптер макро және микро деңгейде,мемлекеттік және корпоартивтік салықтық менеджменттіңде ұтымды жүйесін құрудың ең төменгі жалпы талаптары болып табылады. Корпоративтік салық менеджменті ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің құрамдас бөлігі, салық төлеушінің салық ауыртпалығын төмендетудің заңды құралы болып табылады. Кәсіпорын мен ұйым деңгейінде салықты басқару салықтық жоспарлау және салықтық бақылау (ішкі бақылау) арқылы көрсетіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның салық менеджменті мемлекеттік бюджет пен салық саясатының мақсаттары мен міндеттерімен шектелген. Бұл ұйымның кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеуде, негізгі салықтар бойынша салық базасын қалыптастыру әдістерінде, шикізатқа баға белгілеуде және т.б.