Топтық және жұптық жұмыс барысында оқушы мен мұғалім үшін



бет4/6
Дата25.11.2022
өлшемі31,19 Kb.
#159742
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚМЖ ресурсы

Ғылыми білімнің типтері
Контенттік білім егер тапсырма мәтіннің мазмұны бойынша берілсе (мазмұнын білу), физикалық жүйелерге (физика және химия), тіршілік жүйелеріне (биология) және Жер мен қоршаған әлем туралы ғылымдарға (география, геология, астрономия) қатысты ғылыми мазмұн-мағынаны білу
Процедуралық білім егер тапсырмада тәжірибе, эксперимент жүргу керек болса (рәсім, процедураларды білу), ғылыми білімді меңгеру үшін қолданылатын әр алуан әдістерді, сондай-ақ стандартты зерттеу процедураларын білу
Әдіснамалық білім (эпистемологиялық білім), біздің ғылыми түсінігіміздің ғылыми зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін, олардың негіздемесін, сондай-ақ теория, болжам және бақылау сияқты ұғымдардың мағынасын ұғынуымыздың нәтижесінде қалыптасатыны туралы білім

Танымдық (когнитивтік) деңгейлер:
Төмен деңгей (1-2-деңгейлер). Бір қадамдық процедураны орындау, мысалы, фактілерді, терминдерді, қағидаларды немесе ұғымдарды табу немесе кестедегі не графиктегі ақпаратты қамтитын жалғыз нүктені табу.
Орташа деңгей (3-4-деңгейлер). Құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру үшін ұғымдық білімді пайдалану және қолдану, екі немесе одан да көп қадамды болжайтын тиісті процедураларды таңдау, кесте немесе сызба түріндегі қарапайым деректер жиынтығын түсіндіру немесе пайдалану.
Жоғары деңгей (5-6-деңгейлер). Күрделі ақпаратты немесе деректерді талдау, дәлелдерді жинақтау немесе бағалау, алынған ақпараттың әртүрлі дереккөздерін ескере отырып, қорытындыларды тұжырымдау, негіздеме беру, мәселенің шешіміне қол жеткізетін жоспарды немесе жүйелі қадамдарды әзірлеу

Кретивті ойлау деңгейлері
Еліктеу, ұқсату- түпнұсқаға сәйкес көшірмесін жасау. (мәтінді кесте, сызба т.б. түрде жүйелеу немесе керісінше сипаттау тапсырмаларына).
Өзгерту – ақпараттың белгілі бір бөлігін ғана өзгертіп, қалған бөлігін дәл көшіру арқылы жаңа дүние жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет