4-6 оқушыдан тұратын топ топтық жұмыстың көптеген түрлері үшін және бір оқушының топтағы үстемдігін бәсеңдету үшін тиімді.
Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді.
Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі ықтимал.
Шағын топтар
Жұптар жоғары деңгейдегі (мысалы, шешім қабылдау, проблемаларды шешу) бірлескен ойлы тапсырмаларды орындау және құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді болуы мүмкін.
Жұптар
7-10 оқушыдан тұратын үлкен топтар мәселені талқылау барысындағы мақсат көптеген көзқарастарды алу болған жағдайда тиімді болуы мүмкін.
Топ көп болған сайын, ондағы жұмысты, рөлдер мен өзара қарым-қатынасты жоспарлау және ұйымдастыру, әңгімеге араласу соншалықты қиындай түседі.
Үлкен топтар
Оқушыларды топқа бөлу әдістері
Асық түрі бойынша топқа бөлу
Апта күндері бойынша топқа бөліну.
Тұрғын, үй, жер сілкінісі
12 мүшемен амандасу
Сан бойынша топқа бөліну 12345
Кәмпит арқылы
Алма түсі арқылы
Ою арқылы
Сабақта парталарды қою үлгілері
Мұғалімдердің рөлі
Мұғалімдердің рөлі
Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп отыруға тиіс, сондай-ақ тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру қажет. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін. Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.