Топтық жұмысты ұйымдастыру немесе оқушыларды ынтымақтастыққа үйрету
«Мен шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін;
мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» А. Эйнштейн
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс – білім алушыларды оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады.