Торебек Шерхан 101 топ



Дата08.02.2022
өлшемі13,95 Kb.
#119987
Байланысты:
эмоциялық әлем


Торебек Шерхан 101 топ.
Адам өмірі эмоцияға толы. Эмоциялар адамды жаңа белесті бағындыруға тәуекелге итермелейді, реніштен жылатады, махаббат үшін өзіңді құрбан еткізеді. Эмоциямызды сыртқа шығаруға ойларымыз ғана емес, ақылдың оңтайлы ұстанымдарын жеңіп шығатын ниет пен әрекеттеріміз де еріксіз мәжбүрлейді. Ашу, өкпе, қызғаныш сынды жағымсыз эмоциялар көбіне бақылаудан шығып, өмірімізді қиындатып жіберетін кездері болады.
Эмоцияның физикалық білінуін бақылауға ала алып, ашу, үрей, қозу, абыржуды тоқтата аламын. Терең тыныс аламын, кейін баяу демімді шығарамын. Тыныс алуды 5 секундқа кідіртіп, диафрагмаға барынша назар аударуға тырысып, баяу дем аламын. Кеудем ауаға толғанын сезініп, 20-ға дейін санап, баяу демімді шығарамын. Жағымсыз эмоцияларды тоқтату үшін әр дем шығарған сайын олар қара будақталған бұлт сынды денемнен шығып жатқанын елестетуге болады. Эмоциям толықтай басқаруыма өткенше дем алудың осы түрін қайталай беремін.
Мен өзім қатты ашулы адам емеспін. Эмоциямды сыртқа көрсете бермеймін. Кейде ызаланып тұрған кезде бір адам қоймай мазамды алса, қатты жынданып бастаймын. Назарымды басқа нәрсеге ауыстыруға тырысамын. Осы әдістер арқылы өзімді тоқтатып аламын да, мән бермей жүре беремін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет