Төрехан Балжан 102-83 Айда Мұратбекқызы



Дата07.02.2022
өлшемі77,98 Kb.
#83883
Байланысты:
Нормативті құқықтық қамтамасыз ету
inf7koiynsab

Нормативті құқықтық қамтамасыз ету; Инклюзивті білім беру үдерісін реттейтін нормативті материалдар

Төрехан Балжан

102-83

Айда Мұратбекқызы


Мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген және 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген
Бұл бағдарламалардың басты міндеттерінің бірі –еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Инклюзивті оқыту - ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқытудың тиімділігі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүмкіндігі шектеулі баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру Қазастанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:
  • Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
  • Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті.
  • Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
  • Барлық адам бір-біріне қажет.
  • Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  • Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  • Əрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыру.
  • Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді

Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазастанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босындардың, саны аз ұлттардың отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) жатады.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастыру керек. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерге мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру, оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым- қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды жақындатады. Инклюзивті бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болады деген сенімдеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет