Химия - бұл кең көлемді ғылым. Сондықтан химияны бөлімдерге бөледі:
Химия - бұл кең көлемді ғылым. Сондықтан химияны бөлімдерге бөледі:
Аналитикалық химия, аналитика (грек. аnalysіs – талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Биохимия, биологиялық химия — тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, жасушалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметін зерттейтін ғылым.
Бейорганикалық химия, анорганикалық химия – химиялық элементтерді, солардан түзілетін жай және күрделі заттарды әрі олардың өзгерулерін зерттейтін ғылым. Менделеев периодтық таблицасының барлық элементтерін (көміртегіден басқа) оқытады.
Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Физикалық химия зат құрылысының заңдылығын, химиялық жүйедегі тепе-тендікті, тепе-тендіктегі бір күйден екінші күйге ауысу мүмкіндігін көрсететін заңдылықты және химиялық түрлену құбылысын зерттейді..