Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасыныкі 1/12 бөлігінен немесе массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз сол элемент атомы массасының көміртек атомы массасыныкі 1/12 бөлігінен немесе массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.
Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз сол зат молекуласы массасының 1 массасының атомдық бірлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан.
Салыстырмалы молекулалық массаны (Mr) табу үшін молекула құрамына кіретін барлық атомдардың массаларын қосу керек.
Mr(AL2(SO4)3= 27*2+32*3+16*12=342.
Осыған сәйкес молекулалық массасы 342*1 м.а.б. =342 м.а.б.
Моль –зат мөлшерінің өлшемі. Моль деп көміртек изотопының (12С) 0,012 килограмында қанша атомдар болса, құрамында сонша құрылыстық бірліктері (атомдар, молекулалар, иондар) болатын заттың мөлшерін айтады. Көміртектің 0,012кг-да 6,02*1023 атомдар болатынын зерттеулер анықталған. Заттың 1 молінде 6,02*1023 бөлшек болады.