18. ҚР-да орыс тілі қандай мәртебеге ие: A)мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл
B) мәртебесі анықталмаған; C) ұлтаралық байланыс тілі; D) жергілікті органдардың шешімімен, ресми қолданылатын тіл
E) жоғарғы атқарушы органдардың шешімі бойынша ресми қолданылатын тіл.
19. Азаматтық мәселесін шешетін органдар: A) Президент, ІІС органдары; B) Паспорт столы, әкімшілік; C) Сыртқы істер министрлігі, Премьер-Министр
D) Үкімет, ІІМ; E) Халықтар достастығы Ассамблеясы.
20. Конституция бойынша тұрғын үйден айыруға жол беріле ме? А) соттың шешімі бойынша жол беріледі; В) мәслихаттың шешімі бойынша жол беріледі
С) прокурордың шешімі бойынша жол беріледі; D) жол берілмейді; Е) жол беріледі
21. Тұлға мен мемлекеттің өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін, тұлға мен мемлекеттің арасындағы тығыз саяси-құқықтық байланыс – бұл:
A) Азаматтық; B) Филиация; C) Реинтеграция; D) Натурализация; E) Оптация.
22. Азаматтық туралы заң қашан қабылданды: A) 1991 жылы; B) 1995 жылы; C) 1990 жылы; D) 1992 жылы; E) 1997 жылы.
23. Азаматтық туралы сұрақ бойынша өтінішті қарау және оны беру мерзімі мына уақыттан аспауы қажет: A) 6 ай; B) 2 ай; C) 8 ай; D) 1 жыл; E) 5 ай.
24. Халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасында қай мемлекеттік органға берілген: A) Президентке; B) Үкіметке; C) Судьяға; D) Конституциялық Кеңеске; E) Жоғарғы сотқа.
25. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің барлық тармақ қызметінің үйлесімді қызметін қамтамасыз ететін және халықтың алдында билік органдарының жауапкершілігін қай орган қамтамасыз етеді: A)Президент; B) Жоғарғы сот; C) Конституциялық Кеңес; D) Парламент; E) Мәжіліс.
26. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі: A) 5 жыл; B) 3 жыл; C) 7 жыл; D) 9 жыл; E) 2 жыл.
27. Қазақстан Республикасы Президенті болып бір адам сайлана алмайды: A) 2 рет қатарынан артық; B) 3 рет қатарынан артық; C) 1 рет қатарынан артық
D) 4 рет қатарынан артық; E) 5 рет қатарынан артық.