Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр – Сұлтан, 2019 мазмұНЫ



бет8/30
Дата21.01.2022
өлшемі396,38 Kb.
#112807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
10 сынып. Қазақ тілі. ТЖБ. ҚГБ

А мәтіні
«Ұлытаудың» Еуропадағы сапарлары – қазақ эстрадасының дамуындағы жаңа кезеңнің көрінісі. Олар қазақ эстрадасының әлемдік музыка саласындағы алғашқы қарлығаштары деуге болады. Қазір бізге үлкен жол ашылған. Мұндай іссапарлар жиі ұйымдастырылып тұрса, шетелдіктер қазақ өнері мен мәдениеті туралы көбірек хабардар бола түседі. Қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауда үкімет тарапынан шет елдерде ұйымдастырылып жатқан апталықтар мен айлықтар жеткіліксіз. Оған іскерлік мақсатпен сырт елдерге жиі сапарға шығатын барлық азаматтар атсалысуы керек. Егер олар әрдайым өздерімен бірге өнер шеберлерінің аудио және бейне күйтабақтарын ала кетіп, әріптестеріне кәде ретінде ұсынып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі таңда қазақ өнері мен мәдениетін шетелге насихаттау, қайта жаңғырту мақсатындағы ауқымды бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы жолға қойылған. Дәстүрлі және классикалық музыка бағыты бойынша шығармашылық ұжымдар гастрольдік сапарға шығуда. Театр өнерінің жетістіктерін арттыру үшін «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық операларын Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Грузия мен өзге де мемлекеттерде қою жоспарланып отыр. «I am a singer Қазақстан» халықаралық тележобасының екінші маусымы жүргізілуде. Астана, Алматы қалаларында дәстүрлі түрде әлемнің 15 елінің қатысуымен «Астана дауысы», «Star of Asia» атты музыкалық фестивальдері ұйымдастырылады. Кино өнері саласындағы айтулы оқиға ретінде 71-Канн фестивалінде қазақстандық павильонның ашылуын айта кетуге болады. 2018 жылдың басынан бері қазақстандық 18 фильм 14 халықаралық кинофестивальге қатысты. 11 жүлдеге қол жеткізілді. Осылайша, қазақ өнері мен мәдениетінің әлемдік сахнаға шығуына жол ашылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет