Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Өркениет: бізге не берді, бізден нені алды?
– Дидахмет аға, бүгінгі әңгімемізді өркениетке арнасақ. Айтыңызшы, бізге өркениет не берді
– Бұл кең ауқымды әңгіме. Қалыпты ой түюден сәл ауытқып, бұл жерде еркін ойға ерік берейік. Қалыпты өмір сүру, стандарт ойдың шырмауында қалып қою – көп жағдайда дамуға қайшы дүние. Сондықтан, артық кеттім, қателестім демей, ойымызды еркін қозғайық.
Ең бірінші, «өркениет бізге не берді?» дейсің. Өркениеттің не бергенін, міне, көз алдымызда бәрін көріп отырмыз. Жан-жағыңа қарасаң, барлығы ғылыми-техникалық прогрестің жемісі, өркениеттің көрінісі. Көшеде зулаған машиналар, компьютер алдында тапжылмай отырған адамдар.
– Өркениет адам баласынан нені алды?
Əлемдегі адамзат мойындаған ұлылардың, ойшылдардың көбісі (бәрі емес) өркениетке сын көзбен қараған. Солардың ішінде XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында өмір сүрген Томас Мор да бар. Оның пайымы бойынша, даму жолына түсеміз деп алға қарай жылжыған сайын адамзат табиғилығынан айырыла бастаған. Біздің қарапайым сөзбен
айтсақ, Құдайдың дарытқан шынайы қалыбынан ауытқи берген. Адам ішкі дүниесіндегі асыл-жауһарларды көрмей, оны тануға тырыспай, ұмыта бастаған. Батыс әлемінде ең алғаш осыған қарсы болған ғалым, философ Томас Мор корольдің ең жақын көмекшісі бола жүріп, әлгіндей тың ойларға ерік берген. Соның нәтижесінде «Утопия» деген еңбек жазған. Утопия дегеніміз – қазіргі біздің ұғымымызда қиялшылдық қой. Бірақ Томас Мордың «Утопия аралының» мағынасы – «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған арал». Бақытты елді, оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен заңдарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ. Барлық адам еңбек етуге міндетті. Оларда азық-түлік мол, өйткені онда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Арал тұрғындары ғылыммен, өнермен, спортпен айналысады. Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері әрқашан да құлыпсыз, ашық тұрады, олар ұрлықтан қауіптенбейді. Томас Мордың идеясы барлық адам тең өмір сүретін қоғам құру болды. Өзінің арманындағы бақытты елдің өмірі мен мемлекеттік құрылымын елеп-екшеп, дәлелдермен жазды. Бірақ оны жүзеге асыру қиял еді...
Сұхбаттасқан Дәурен Сейітжанұлы
Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Мәтіннің мақсаты қандай? Аудиториясы кімдер?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
4.Берілген кестені толтырыңыз
Өркениеттің оң жақтары
|
Өркениеттің теріс жақтары
|
|
|
[2]
5. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіннен деректерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |