*Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмалар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-3
|
5.1.4.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну
|
Бір таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 120-130 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты көркем әдеби мәтінін 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында бірінші және екінші тапсырмаларда мәтін мазмұнына қатысты нұсқаны белгілейді. Үшінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды анықтайды.
|
10
|
5
|
4-7
|
5.3.4.1 мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру
|
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты екі мәтінді қосқанда 150-160 сөзден тұратын екі мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада екі мәтінге ортақ тақырыпты белгілейді. Екінші тапсырмада әр мәтінге сай екі ақпаратты анықтайды. Үшінші тапсырмада әр мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтап жазады.
|
15
|
5
|
7
|
5.4.4.1 ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарландыру жазу
5.5.2.1 жазба жұмыстарында хабарлы сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы тақырыпқа қатысты 110-120 сөзден тұратын хабарландыру мәтінін жазады. Жазылым жұмысында білім алушының хабарландыру жанрының жазылу ерекшелігін сақтауы және тақырыпты ашуы, хабарлы сөйлемдерді қолданып жазуы назарға алынады.
|
20
|
10
|
8
|
5.2.6.1 тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Таңдалған суреттер тоқсандағы барлық бөлімдерді қамтуы тиіс. Оқушы тірек сөздерді қолдана отырып, берілген суреттегі жағдаятты 10-15 сөйлеммен сипаттап айтады.
Мұғалім білім алушының тақырып бойынша суреттегі жағдаятты сипаттап сөйлей алуын және берілген тірек сөздерді орынды қолдана алуын бағалайды.
|
Айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3 минут беріледі)
|
10
|
|