*Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмалар түрлері
|
*Тапсырмалар сипаттамасы
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-2
|
5.1.3.1 күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
5.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау
|
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 110-120 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін жазады. Мәтіннің негізгі ойы мен тақырыпты ашатын тірек сөздер қатарын көрсетеді.
|
10
|
5
|
3-6
|
5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
|
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 140-150 сөзден тұратын әдеби көркем мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтінге сай дұрыс ақпараттарды анықтайды, екінші, үшінші тапсырмаларда сұрақтарға дұрыс жауапты белгілейді.
|
15
|
5
|
7
|
5.4.2.1 эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
5.5.1.4 жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы адам бойындағы қасиеттер туралы 100-110 сөзден тұратын сипаттау эссесін жазады. Жазылым жұмысында білім алушының эссе құрылымын сақтауы және тақырыпты ашуы, жіктеу, сұрау, сілтеу есімдіктерін дұрыс қолданып жазуы назарға алынады.
|
20
|
10
|
8
|
5.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 3 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек). Тақырыптар тоқсандағы барлық бөлімдерді қамтуы тиіс.
Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуын бағалайды.
|
Айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3 минут беріледі)
|
10
|
|