Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет4/15
Дата31.10.2022
өлшемі1,87 Mb.
#155894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык и литература Т2 5кл

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 45 минут
Тыңдалым- 10 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5



5.1.3.1 күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру



Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 110-120 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды (аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар бірінші тапсырмада мәтінді тыңдай отырып, синонимдермен берілген сөздерді бос орындарға қояды. Екінші тапсырмада мәтін мазмұны бойынша перифраздалған сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап береді.

10

5

6-8



5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 140-150 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды.
Бірінші тапсырмада мәтін мазмұнын ашатын тақырыпты белгілейді. Екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттың дұрыс, бұрысын белгілейді. Үшінші тапсырмада мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың ретін көрсетеді.

15

5

9

5.4.3.1 жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу

5.5.1.1 мәтін құрауда жалғау түрлерін дұрыс жалғау



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар берілген тақырыптардың бірін таңдап, 100-110 сөздің көлемінде сипаттау мәтінін құрастырады. Жазылым жұмысында білім алушылардың мәтін мазмұнында кем дегенде үш суреттеу сөзін қолданулары және жалғауларды дұрыс жалғап жазулары назарға алынады.

20

10

10

5.2.2.1 қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану

5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу



Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 3 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек).
Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, қазақша амандасу түрлері мен ұлттық этикет сөздерін қолдануын, тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды.

Айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3 минут беріледі)

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет