Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 5-сынып



бет5/15
Дата31.10.2022
өлшемі1,87 Mb.
#155894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык и литература Т2 5кл

Барлығы

45 минут

30


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Отбасындағы дәстүр мен мерекелер
Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала
Қазақстандағы жан -жануарлар мен өсімдіктер әлемі


Тыңдалым
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, мәдениетін, тарихын, басқа ұлттан ерекшелігін көрсетеді. Қазақ – салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары қартайғанда ата-аналарын қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті. (112 сөз)

1-3. Бос орындарға берілген сөздердің қажеттісін қойып жазыңыз.


Сөздер: құрметтеу, парызы, сәбидің
1) Қазақ жанұясындағы үлкен қуаныштардың бірі - ____________________тууы. [1]
2) Қазақ халқының аса қадірлі салты – үлкенді _________________________ . [1]
3) Қартайған әке-шешесіне қамқорлық көрсету – балаларының _________________ . [1]

4-5. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша сөз немесе сөз тіркесімен жауап беріңіз.


а) Қазақ халқының ұрпағы кімнен тарайды? ___________________________________ [1]


ә) Балалары ата-анасын қашан қамқорлығына алады?_______________________________
[1]


Оқылым
Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қорқып кетеді.
- Жо-жоқ! – дейді.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен. (150 сөз)

6. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз.


А) Көріксіз түйе
В) Күннің ақылы
С) Күн мен жылқы
Д) Жылқының арманы [1]

7. Мәтін мазмұнына сай дұрыс және бұрыс ақпараттарды белгілеңіз.



Ақпараттар

дұрыс (+)

бұрыс (-)

А. Жылқы – ең әдемі жануар.







В. Жылқы мойнының ұзын болғанын қалады.







С. Жылқы түйе сияқты болғысы келіп, Күннің ұсынысын қабылдады.







[3]

8. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін санмен белгілеңіз.



Оқиғалар

реті

Күннің ақылы




Жылқының арманы




Түйеден қорыққан жылқы




[1]


Жазылым
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, сипаттау, суреттеу мәтінін жазыңыз. Мәтінде кем дегенде үш сипаттау сөзін орынды қолданыңыз және жалғауларды дұрыс жалғап жазыңыз. 100-110 сөз. [10]



  1. Менің отбасымдағы туған күн мерекесі

  2. Біздің сынып

  3. Менің сүйікті жануарым



Айтылым

Берілген жағдаяттың бірін таңдап, жұпта диалог құрыңыз. Диалогта қазақша амандасу және ұлттық этикет сөздерін қолданыңыз. [10]





  1. Жұпта біріңіз қарияның және баланың рөлін таңдаңыз және отбасылық дәстүр мен өзара сыйластық туралы әңгімелесіңіздер.

  2. Жұпта біріңіз кітапханашы және кітап алуға келген оқушының рөлін таңдаңыз және осы жағдаятқа байланысты диалог құрыңыздар.

  3. Жұпта екі достың арасында жануарларды қорғау туралы диалог құрыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет