– Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз. – Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық адам құқығын қорғау комитеті ел ішіндегі дау-дамайларды халықаралық деңгейде реттеуге атсалысады. Өркениетке ұмтылған кез келген зайырлы мемлекетте құқықтық келіспеушіліктің бәрі заң шеңберінде шешімін табуы тиіс. Комитет адамдарға дау-дамайды реттеудің халықаралық заңдардағы тетіктерін көрсетеді, құқықтық кеңес береді. Өкілдіктің көздегені – екі адамды бір-бірімен айтыстырып қою емес, керісінше, адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Комитеттің темірқазық етіп ұстанатыны – бейбітшілік, бейбіт бітім.