Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ әдебиеті»



Дата30.10.2019
өлшемі59,34 Kb.
#50807
Байланысты:
8 тжб адеб



Тоқсандық жиынтық бағалаудың

спецификациясы

«Қазақ әдебиеті»

8-сынып

МАЗМҰНЫ




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .................................................................. 4

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ......................... 4

  3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 4

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................. 5

  5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ........................................................................................ 5

  6. Модерация және балл қою ....................................................................................................... 6

  7. 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ....................... 7

  8. 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 11 9. 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 15

10. 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................... 19

  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.



Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
  1. Күтілетін нәтижелер





  1. әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;

  2. ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;

  3. әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени ісшараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;

  4. оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің ісәрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;

  5. көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;

  6. оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.

  1. Ойлау дағдыларының деңгейі





Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларын ың деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар

түрі

Түсіну және жауап беру

Білу және

түсіну


Қолдану

Жоғары деңгей

дағдылары


  • әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтап, шығарма идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;

  • көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді, үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Таңдауды қажет ететін сұрақтар

Анализ және интерпретация

  • композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай отырып, автор бейнесі мен кейіпкерлердің қарым-

қатынасындағы тілдік көріністі талдайды;

  • шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық

параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;

  • шығармадан алған үзінділерді өңдеп, креативті түрде жазады.

Қысқа жауапты қажет ететін

ашық сұрақтар




Бағалау және салыстыру

  • шығарманың тақырыбы мен идеясын басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын

бағалайды;

  • шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді, көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

  • шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікірін жазады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар



  1. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсандық жиынтық бағалау кезінде кабинеттегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдардың (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) бетін көрінбейтіндей етіп жабу;

Тоқсандық жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлау;

Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын

ескерту;

Нұсқаулықпен таныстырылып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы ескерту;

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру;

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізу;

Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескерту;

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің, штрих сұйықтығын қолданудың орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыну;

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну.

  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы - 40 минут


Түсіну және жауап беру - 10 минут

Анализ және интерпретация - 10 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны - 30 Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапс ыр ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма

түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, минут

Балл

1-5


8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау 8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

5

6-8


8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

8.2.2.1


Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарымқатынасының тілдік көрінісін талдау;

Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

15

9

8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

10

Барлығы

40 минут

30



Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ




  1. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз.

А) «Манас» жыры

В) «Ер Тарғын» жыры

С) «Алпамыс батыр» жыры


    1. «Қобыланды батыр» жыры

[1]

  1. Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықтаңыз.

А) Мұсылмандық жолы

В) Құдайға құлшылық ету С)Ғылым-білім



    1. Сопылық ілімнің негізі

[1]

  1. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі – А) Тәкаппар болма

В) Мал табуға асықпа

С)Ұмытшақ болма



    1. Дүние-мүлікті сатпа

[1]

  1. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді? А) Талпынып салдым егінді, Ішсін деп әркім тегінді. В) Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке. С)Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін. D) Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке.

[1]


  1. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?

А) Жазылы, алтын, қол кескен Алдаспаным өзіңсің!

В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,

Сен - жібексің, мен - жүнмін,

С)Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа.



    1. Алп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің.

[1]

2-БӨЛІМ




  1. А. Йассауидың «Даналық кітабындағы» мына жолдардың мағынасына талдау жасаңыз, қорытынды шығарыңыз.

«Ишанмын деп түрлі асты теріп жейді, Жақсыларды көзге ілмей «мен, мен» дейді. Дүниемүлік алып барса сүйсініп алады. Оллаһи-биллаһи менмендіктен өткен күнә жоқ». ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[5]


  1. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды қолдана отырып, автор туралы пікіріңізді білдіріңіз. Сен - алтынсың, мен - пұлмын,

Сен - жібексің, мен - жүнмін,

Сен - сұлтансың, мен - құлмын,

Сен - сұңқарсың, мен - қумын,

Жемсауыңа келгенде,

Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!

Саған дұспан - маған жау,

Керекті күні алдында

Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[5]


8. Ор қояндай жүгінтіп, Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап мінер ме екеміз?!

Сол шұбарға мінген соң,

Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?!

Жалаулы найза жанға алып,

Жау қашырар ма екеміз?! – деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[5]

3-БӨЛІМ


9. «Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?» тақырыбында Қорқыт нақылдарының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз. ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


[10]

Балл қою кестесі




Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар



1

С

1

5

2

В

1

3

А

1

4

D

1

5

А

1

6

Үзіндінің мағынасын түсінеді;

2

15

Өз ойымен байланыстырып талдайды;

2

Өзіндік тұжырым жасайды;

1

7

Автор бейнесін анықтап, талдайды;

2

Кейіпкермен қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды;

2

Өз пікірін білдіреді;

1

8

Берілген өлең жолдары арқылы автор бейнесін анықтайды;

2

Автор бейнесін талдайды;

2

Өз пікірін жеткізеді.

1

9

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;

2

10

Әдеби эссе жазады;

2

Өзіндік көзқарасын, ой-пікірін танытады;

2

Логикалық қорытынды жасайды;

2

Эссе құрылымын сақтайды.

2


2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы - 40 минут


Түсіну және жауап беру - 10 минут

Анализ және интерпретация - 10 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны - 30 Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапс ыр ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма

түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, минут

Балл

1-5


8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау 8.1.4.1 Көркем

шығармалар

дан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану


Жауап нұсқаларын

ан бір


дұрысын таңдау/жаб ық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

5

6-8


8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

8.2.2.1 -автор бейнесі мен кейіпкерлер қарымқатынасының тілдік көрінісін талдау 8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу



Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

15

9

8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

10

Барлығы

40 минут

30

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ


1. «Үш қиян» шығармасындағы идеяны анықтаңыз.

А) Шұрайлы қоныстарды тартып алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін жырлау

В) Білімді игермеген елдің өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып айту

С) Халыққа жайлы жер, шұрайлы қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман іздеу

D) Өмір мен өлімді, жастық пен кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш ету

[1]


2. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған? Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс, Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай, Біз түгілі осыларды да алған қоныс.

А) Үш қиян

В) Сарыарқа

С) Әттең, қапы дүние-ай

D) Қазтуған

[1]


3. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанында оқиға неден басталды?

А) Кебектің аңда жүріп Еңлікпен кездесуі

В) Кебектің Нысан абызға бал аштыруы

С) Еңліктің Кебекке бар сырын ақтаруы

D) Матай аулында Кебектің өзін таныстыруы

[1]


4. «Еңлік-Кебек» шығармасындағы оқиға немен аяқталды?

А) Екі жастың елден қашуымен

В) Жастарды өлтіру шешімімен

С) Еңлік пен Кебектің өлімімен

D) Ақынның түйінді ойымен

[1]


5. Шәкәрім «Жастарға» өлеңіндегі «Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық» деген жолдарда кімді меңзеді?

А) ел жақсыларын

В) орыс ақындарын

С) ағартушы Ыбырайды

D) кемеңгер Абайды

[1]


2-БӨЛІМ




  1. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Мен қауіп еткеннен айтамын» дейді. Неден қауіптеніп еді?

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________ [5]


  1. «Үш қияннан» алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жазыңыз. Креативті жұмыс ұсыныңыз. Еділді тартып алғаны —

Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны. Маңғыстаудың үш түбек Оны-дағы алғаны.

Үргеніш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны,

Қоныстың бар ма қалғаны?!

Мал менен басты есептеп,

Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз, жігіттер, Замананы тағы да Бір қырсықтың шалғаны!

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [5]

8. «Еңлік-Кебек» дастанынан берілген мына үзіндіні негізге ала отырып, автор бейнесін талдаңыз.

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?

Аларсың көп ғибрат, байқағаның.

А, Құдай, күнәмді өшір, сауапқа жаз,

Таусылмайды рахматың, не болмайды аз. Жан кетіп, ағайын, мал қалған кезде, Өлмес, өшпес дәулетім - осы қағаз.

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ [5] 3-БӨЛІМ

9. Берілген әдеби сын-пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз.

«Бұл жыр бізден кейін де жырлана береді. Әркездің жаңа ақыны өзінше өрнектейді, бірақ осы Еңлік-Кебек махаббатының алғашқы жыршысы боп Шәкәрім тұрады, келер ұрпақтың жадында...»

Т.Молдағалиев

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[10]

Балл қою кестесі







Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар



1

А

1

5

2

В

1

3

В

1

4

С

1

5

D

1

6

Өлең жолы негізінде талдайды;

2

15

Негізгі идеяны ашады;

2

Өз ойын жеткізеді;

1

7

Үзіндіні қайта өңдеп жазады;

2

Үзіндідегі идеяны қолданады;

2

Креативті жазады;

1

8

Автор бейнесін анықтайды;

2

Автор бейнесін талдайды;

2

Үзіндідегі мысалмен байланыстырады.

1

9

Берілген сын-пікірді негізге алады;

2

10

Сыни пікір жазады;

2

Өзіндік көзқарасын, сыни пікірін танытады;

2

Логикалық қорытынды жасайды;

2

Сыни-пікірдің стилін сақтайды.

2


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы - 40 минут


Түсіну және жауап беру - 10 минут

Анализ және интерпретация - 10 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны - 30 Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапс ыр ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма

түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, минут

Ба

лл

1-5


8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу



Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

5

6-8


8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарымқатынасының тілдік көрінісін талдау



Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

15

9

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып,

жаңашылдығына баға беру; 8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыпқа көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

10

Барлығы

40 минут

30

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ




  1. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы оқиға немен аяқталады? А) Байжан Сәрсенбайға «құдай қосқан құдам ғой» - деп, кешірімге кісі жіберді.

В) Ақырғы тіршілігінің минуты жетіп, жапан далада Жамал жан тәсілім қылды.

С) Боранды түні Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, Жамал талып кетті. D) Жұман сол жерде тұра сала кеудеге тепкілеп, Жамалды талдырып тастады.

[1]


  1. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсіп, ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын кім? А) Текебай В) Қабылбек

С) Момыш D) Үбиан

[1]


  1. Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимурдың мінезін анықтаңыз. А) Темекі тартады, тілінің уы бар, өте өжет, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырағыш В) Сыпайы, адамгершілігі мол, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді

С) Өте сүйкімді, үйінің кенжесі болғандықтан ерке, өзгелерді өзіне тез баурап алады

D) Тікмінезді, бұрама тілді, бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналасындағыларға қамқор [1]



  1. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының эпилогін анықтаңыз.

А) Көрдің бе бір-біріне дөп келуін,

Бір қырсық бір қырсықпен шектелуін? Балам-ай, мынау өмір-дарияның,

Білмейсің қайда екенін өткелінің.

В) Бота көз сахарада қына терген,

Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!

С) «Жетім көлден» су ішкен қанша марал, Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самалы,

Қаншама аққу кетті екен - аңсаған ән?

D) Күркіреп аспан, ойнатты-ау дейсің жасынды,

Сайратты-ау дейсің мелшиген тау мен тасыңды. Мылқаудың үні, кереңнің құлағы ашылды, Кешірім сұрап, бәрі де оған бас ұрды.

[1]

5. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз.

А)Бала мен ананың шарасыздығы

В) Ананың аққуларды атуы

С) Жетімкөлдің аққусыз қалуы

D) Ауру баланың өлімі



[1]

2-БӨЛІМ


6.Берілген үзінді қай кейіпкерге тән және кімге бағытталып айтылған? Кейіпкерлердің мінезін жіктеп жазыңыз.

-Сөйтіп жүрмең құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп, би болғансып, бір жылдың ішінде қане шыққан мүйізің.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


[5]

  1. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында әженің Рәзия келініне деген ықыласы қалай көрініс тапты?

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[5]


  1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз.

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

[5]

3-БӨЛІМ


9. Д. Исабековтің «Әпке» драмасының көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

[10]



Балл қою кестесі




Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар



1

В

1

5

2

С

1

3

D

1

4

А

1

5

С

1

6

Үзіндінің қай кейіпкерге тән екенін, кімге бағытталып айтылғанын анықтайды;

2

15

Кейіпкерлер мінезін жіктеп жазады;

2

Ойын дәлелді жеткізеді;

1

7

Шығармадағы оқиғаларды кейіпкерге қатысты талдайды;

2

Кейіпкердің қарым-қатынасын анықтайды;

2

Ойын жүйелі жеткізеді;

1

8

Шығарманың идеясын анықтайды;

2

Ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;

2

Өзіндік көзқарасын танытады;

1

9

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын

талдайды;



2

10

Өзіндік гуманистік ой-пікірін танытады;

2

Әдеби эссе жазады;

2

Логикалық қорытынды жасайды;

2

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды.

2


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы - 40 минут


Түсіну және жауап беру - 10 минут

Анализ және интерпретация - 10 минут

Бағалау және салыстыру - 20 минут

Балл саны - 30 Тапсырмалар түрлері


Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсы

рма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма

түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, минут

Ба

лл

1-5


8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. 8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу



Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

5

6-8


8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарымқатынасының тілдік көрінісін талдау



Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар

Оқушылар оқыған шығармалары

негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.



10

15

9

8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

10

Барлығы

40 минут

30

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1-БӨЛІМ


1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның шиеленісін анықтаңыз.

А) Жапанда жалғыз нардың кезігуі

В) «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі

С) Күйшілердің жолдағы әңгімесі

Д) Қыздың әкесіне қолқа салуы

[1] 2. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Үзіндіге қатысты дұрыс жауапты белгілеңіз.

А) Пролог, жанама мінездеу

В) Эпилог, тура мінездеу

С) Эпилог, жанама мінездеу

Д) Пролог, тура мінездеу

[1]


  1. Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» шығармасының идеясы не?

А) Айдағы жасырынбақ

В) Жер тазалығын сақтау

С) Ай табиғатын зерттеу

Д) Көлеңке қоюлығын анықтау

[1]


  1. «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйлә қыздың бейнесін анықтаңыз.

А) Ел басына қатер тұнған күннің, қасіреттің белгісі

Ә) Жақсылықтың емес, тек қана жамандықтың бейнесі

Б) Адамдардың тәубесіне келіп, шүкірлік ету белгісі

В) Атом сынағынан зардап шеккен кінәсіз жанның бейнесі

[1]


  1. «О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені! Мен күнәсіз қыз баламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс, бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім

....................................... толы.» Көп нүктенің орнына тиістісін қойыңыз.

А) кек пен қасіретке

В) мұң мен шерге

С) қиял мен шындыққа

Д) ыза мен жек көрушілікке

[1]


2-БӨЛІМ




  1. Т.Ахтановтың «Күй аңызындағы» ботасыз нарды идірген кім еді? Оның бойындағы қасиетіне өз көзқарасыңызды шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдеңіз.

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[5]


  1. Ж.Сахиевтің фантастикалық әңгімесі неліктен «Айдағы жасырынбақ» деп аталады? Шығармадан мысалдар келтіре отырып талдаңыз.

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

[5] 8.Шығармадағы ай сәулесі, аймен сырласу, жым-жырт түн, жапан түз, жаралы жер ұғымдарының қолданылуы туралы не айтар едіңіз? Автор бейнесін талдаңыз.

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

[5]

3-БӨЛІМ


9.«Өнер – өмір өрнегі» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Шығарманың көркемдікидеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдаңыз.

Балл қою кестесі




Жауап

Балл

Қосымша

ақпараттар



1

D

1

5

2

D

1

3

В

1

4

В

1

5

А

1

6

Шығарма сюжетін талдайды;

2

15

Шығармадан үзінді келтіре отырып дәлелдейді;

2

Өз көзқарасын білдіреді;

1

7

Шығарманың атауына тоқталады;

2

Шығармадан мысалдар келтіреді;

2

Идеясына талдайды;

1

8

Сөздердің қолданысын талдайды;

2

Автор бейнесіне талдайды;

2

Өз ойын дәлелдейді;

1

9

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын

талдайды;



2

10

Өзіндік гуманистік ой-пікірін танытады;

2

Әдеби эссе жазады;

2

Логикалық қорытынды жасайды;

2

Жазба жұмысының құрылымын сақтайды.

2





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет