Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет13/25
Дата18.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#102548
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
!18-ОШ СОЧ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 8кл

Барлығы

30


Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым

Достық туралы ойлар


Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін өміріндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық алдымен адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатаяды. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл – досыңыздың қайғысына, қуанышына ортақтаса білу. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - деген. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» - деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы», - депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалады». Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары көп болады, жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.


  1. Мәтінде айтылған 1 дұрыс мәліметті анықтаңыз. [√] белгісін қойыңыз. Достық адамдардың сенімінен басталады. [ ]

Достық өркөкіректік қасиеттерді жоймайды. [ ] Данышпан: «Ағайын жақсы», - деп жауап береді. [ ]


  1. Адам не себепті өзіне дос іздейді?

А) Мұң-шерін тарқатып, мал-дүние, ақша алу үшін В) Қиын сәттерде өзіне сенімді болу үшін

С) Сырын айтып, қуаныш-қайғысымен бөлісу үшін Д) Өзімшілдік, еріншектік қасиеттерді жою үшін

[1]





  1. Бос орындарға қажетті сөзді қойыңыз. 2 сөзден артық жазбаңыз. Адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасы арқылы

көрінеді. [1]


  1. Мәтінде қандай мақал айтылды? Мағынасын ашып жазыңыз.

Мақал

Мағынасы










  1. Берілген сұраққа тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.

  2. Автордың достық туралы негізгі ойын түйіндеп жазыңыз.

[1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет