Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапс ырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Тапсырмаларға сипаттама
|
*Тапсырма лар түрлері
|
*Орындау
уақыты, мин
|
Балл
|
1
|
8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау
8.1.6.1 - тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 140-170 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.
Мәтінді тыңдау барысында оқушы бірінші тапсырмада тест, екінші тапсырмада сәйкестендіру, үшінші тапсырмада ақпараттарды ретімен орналастыру, төртінші тапсырмада бос орынға қажетті сөзді қою, бесінші тапсырмада сұраққа жауап беру сұрақтарын орындайды. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын
түсінгенін бағалайды.
|
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
2
|
1
|
2
|
2
|
1
|
3
|
|
|
4
|
5
|
|
Көп таңдауы бар сұрақтар
|
2
|
1
|
2
|
1
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
2
|
1
|
|
|
6
|
8.3.1.1- перифраз
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 180-200 сөзден тұратын мәтінді оқиды.
Бірінші тапсырмада дұрыс жауапты анықтайды.
Екінші тапсырмада сөздердің мағынасын анықтап жазады. Үшінші тапсырмада бір шумақты қара сөзбен қайта жазады. Төртінші тапсырмада ақындардың сөз қолданысын
|
Қысқа жауапты
|
2
|
1
|
|
түрінде берілген
|
қажет ететін
|
|
|
|
сұрақ арқылы
|
сұрақтар
|
|
|
|
қажетті ақпаратты
|
|
|
|
|
анықтау
|
|
|
|
|
8.3.6.1 тақырып
|
|
|
|
|
бойынша
|
|
|
|
|
бірнеше мәтінде
|
|
|
|
|
көтерілген
|
|
|
|
|
мәселелерді
|
|
|
|
|
салыстыра
|
|
|
|
7
|
отырып, баға беру
|
бағалайды.
Соңғы тапсырмада сұраққа жауап береді.
Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын
бағалайды.
|
|
|
|
8
|
Көп таңдауы
бар сұрақтар
|
2
|
1
|
9
|
10
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
11
|
8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу
8.5.2.1 – жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді
құрастыру
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануын бағалайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20
|
10
|
12
|
8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау
8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген
ақпаратты талдау, баға беру
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушыға бөлімдерге қатысты тақырып беріледі
Монолог 8-10 сөйлемнен тұруы керек.
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, тақырыпқа, сұрақтарға лайық жауап беруі, сыни ойлауы, сөздік қор, грамматикалық құрылымдарды ескеруі бағаланады.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі.
|
10
|
Барлығы
|
40 минут
|
30
|
Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Бірінші - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Екінші - бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшінші - зайырлы қоғам. Төртінші - экономикалық өсім.
Бесінші - жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншы - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетінші - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, стратегия жастарымызға арналады.
Ел болашағы кімді толғандырады? А) жастарды
В) ұстаздарды С) президентті
Д) қоғамды [1]
Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.
р/с
|
Ақпараттар
|
р/с
|
Ақпараттар
|
Сәйкестендіру
жауабы
|
А
|
Мәңгілік ел
|
1
|
Стратегия мақсатына жетуге шақырады.
|
|
В
|
Президент
|
2
|
Басты құндылықтар жасалды.
|
|
С
|
22 жылда
|
3
|
Ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
|
|
[1]
Мәтіндегі ақпараттарды ретімен орналастырыңыз.
Мәтіндегі ақпараттар
|
Реті
|
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі
|
|
Зайырлы қоғам
|
|
Бірлік, бейбітшілік пен келісім
|
|
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
|
|
Экономикалық өсім
|
|
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
|
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
|
|
[1]
Бос орындарға тыңдалған мәтін мағынасына қарай қажетті сөздермен толықтырыңыз. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, , ұлы жетістіктерімізді еселедік.
Берілген сұрақтарға тыңдалым мәтіні бойынша жауап беріңіз.
«Қазақстан жолы - 2050» стратегиясының басты мақсаты қандай?
[1]
Оқылым
Қатаған ақын:
Ау, Сүйінбай, Сүйінбай, Тоқтат енді сөзіңді.
Ояйын ба көзіңді!
Ақынмын деп ойлайсың, Мен тұрғанда өзіңді.
Көптігімді-ау айтайын, Байлығымды-ау айтайын, Менің атым Қатаған, Қоңыр Бөрік асында,
Бес жүз жылқы матағам!
Кенесары төреңнің, Басын кесіп алғанмын. Наурызбайдай бегіңді, Итіме сүйреп салғанмын. Заты жаман Сүйінбай, Қане кегіңді алғаның?
Кек алам деп жүргенде, Ішіңде кетер арманың. Көптігімді айтайын, Қазақтың шауып жылқысын, Алдына салып айдаған!
Байлық десең, бізде бар, Батырлық десең, бізде бар! Құлақ сап, тыңда, Сүйінбай! Сүйінбай ақын байқадым, Қағылып қалды сайтаның.
Кезегіңді алып сөйлеші, Сыртыңнан байқап қарайын?!
|
Сүйінбай ақын: Қашырма төрем, қаныңды, Кіргізейін жаныңды.
Қатағаннан жеңілсем, Талап алғын малымды.
Іздегенім осы еді, Іздегенім табылды.
Қатаған сөзден жаңылып, Өзіне-өзі қағынды.
Мақтанып жүрсің, Қатаған, Бес-алты біткен танаға.
Кенесары, Наурызбай, Қырғызды келіп бес шауып, Келтірген ауызын тобаға.
Манаптарын кергілеп, Апарып тыққан молаға. Бұл Құдайдың қазасы, Қазаға қарсы бола ма? Байлығың сенің белгілі, Жаздай егін айдайсың, Жалғыз бұзау байлайсың. Түлкілікті қоймайсың, Сүйінбай сынды ақынды, Жеңемін деп ойлайсың.
Аз қонаққа ақ сұрап, Көп қонаққа ет сұрап, Қазақ жақын қонғанда, Келуші едің мал сұрап. Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін. Шығарма Қатаған үніңді,
Есіңе сақта бүгінгі, Қанатың сынған күніңді.
|
Кенесары мен Наурызбайдың ерлігі қалай сипатталады? А. әскер бастаған жүйріктер
В. манаптарды бағындырған батырлар С. топ бастаған дүлдүлдер
Д. бәйгеден озып шыққан батырлар [1]
Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
а. Бөрік -
б. Манаптар - [1]
Төменде берілген шумақты, өз сөзіңізбен (қара сөзбен) қайта жазыңыз. Аз қонаққа ақ сұрап,
Көп қонаққа ет сұрап, Қазақ жақын қонғанда, Келуші едің мал сұрап.
[1]
Айтыскер ақындардың тапқырлығына баға беріңіз.
Бағалаңыз
|
Қатаған
|
|
Сүйінбай
|
|
[1]
Қазіргі айтыскер ақындарға өз пікіріңізді білдіріп, жауап жазыңыз.
[1]
Жазылым
Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз. Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Таңдаған шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.
Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш
Сіз жақында ҚР Халық қаһарманы Т. Мұсабаевпен кездестіңіз. Сізбен болған сұхбатта ғарышкер сіздің, жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Жалпы, нақты, альтернативті, жабық сұрақ түрлерін көрсете отырып, сұхбатты жазыңыз. Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.
Нұсқаулық:
Кіріспе жазу: журналистің алдына қойған мақсаты;
Сұхбатты жөнге келтіру, таза қағазға барлық сұрақтар мен жауаптарды жазу; Редакциялау: сұрақтар мен жауаптардың барлығы қаншалықты қызықты, маңызды екендігін қарап шығу, мәтінді тексеру.
«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі жарқын сәттерін баяндайды. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. «Мәңгілік ел» идеясы бізді ұлы мақсаттарға жетелейді. Мақсатқа жетудің жолында ойыңызды дамыта отырып, «Мәңгілік ел
– менің елім» тақырыбында мақала жазыңыз. Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.
[10]
Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем). Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданыңыз. Төмендегі ақпаратты пайдаланыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:
Бір саланы таңдап, әрі қарай дамытудың жолдарын ұсыныңыз.
Айтыс өнері туралы не білеміз? Түрлері, ерекшелігі жайында айтып беріңіз.
Қазіргі уақыттағы қандай айтыскерлерді білесіз?
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш қызметіндегі жетістіктері және «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайында не ойлайсыз?
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
Жалпы
балл
|
1
|
C
|
1
|
5
|
2
|
3-А, 2-С, 1-В
|
1
|
3
|
1-7, 2-3, 3-2, 4-5, 5-4, 6-1, 7-6
|
1
|
4
|
Елімізді нығайттық
|
1
|
5
|
Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылуы.
|
1
|
Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады.
Сұрақ
|
Жауап
|
Балл
|
Жалпы балл
|
1
|
В
|
1
|
5
|
2
|
Бөрік - жасы үлкен ақсақалдар киетін бас киімнің түрі. Манап - қырғыздардың руларының ақсүйектерi
|
1
|
3
|
Қонақ келгенде айран-сүт, етті қазақтан сұрап келуші едің.
|
1
|
4
|
Оқушы жауабы бағаланады
|
1
|
5
|
Оқушы жауабы бағаланады
|
1
|
Жазылым
Балл
|
Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)
|
Тілі (5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады.
Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.
|
Өте жақсы
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
|
4
|
Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады.
Жалпы эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.
|
Жақсы
Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады.
Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
|
|
Қанағаттанарлық
Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген,
|
Қанағаттанарлық
Қарапайым грамматикалық формалар мен
|
3
|
бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз.
Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.
|
күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.
Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
|
2
|
Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады.
Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.
|
Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз.
Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.
|
1
|
Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермеді.
Эссенің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.
|
Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате.
Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.
|
0
|
Жауап жоқ
|
Жауап жоқ
|
Айтылым
Балл
|
Негізгі ойды ашуы (5 балл)
|
Сөз қолданысы (5 балл)
|
5
|
Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады.
Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді. Қажетті ақпаратқа
дұрыс талдау жасайды және бағалайды.
|
Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателіктер кетіреді.
Кішігірім қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Қүрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады және түсіндіреді.
Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен
келтіреді. Қажетті ақпаратты жалпы алғанда талдайды және бағалайды
|
Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер кетіреді.
Қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.
|
3
|
Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді.
Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы.
Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз.
|
Жауабы нақты, тіл қолданысында қателіктер кетіреді.
Жалпы қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.
|
2
|
Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізгі ойды ашуы шектеулі.
Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді. Қажетті ақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз.
|
Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер кетіреді.
Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді.
|
1
|
Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған.
Тек негізгі ақпаратты береді. Көбіне ақпарат қажетсіз.
|
Жиі қате кетіреді.
Қателіктер түсінуге кедергі келтіреді.
|
0
|
Идеясын, ойын жеткізе алмайды.
|
Сөз қолданысы сәйкес емес.
|
Достарыңызбен бөлісу: |