Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Қызым – жағадағы құндызым, ұлым – аспандағы жұлдызым ...
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі
– бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап, ат жалын тартып, азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.
Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.
Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызының тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз
«келіннің – аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын- туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы-жаман қасиеттерімен өлшеген.
3 дұрыс жауапты анықтаңыз, қоршаңыз. Ер баланы бес жасынан бастап ... баулыған.
A) отын шабуға В) аң аулауға
С) ат жалын тартуға
мал бағуға
кеш жатуға
киіз басуға
[1]
Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін анықтаңыз.
Тұжырымды сөйлемдер
|
Ш/Ж
|
Қазақ халқы жігіттің бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірген.
|
|
Халқымыз «келіннің – таяғынан, қойшының аяғынан» - дейді.
|
|
[1]
Мәтінді мұқият тыңдап отырып, бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз. Ұлттық ойын атаулары
[1]
Сұрақтарға жауапты 5 сөзден артық жазбаңыз. Мәтіннің идеясы
[1]
Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.
Қазақ халқы ұл баланы қалай тәрбиелеген?
|
Қыз баланы қалай өсірген?
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |