Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі»
0015d823-9ecd923e
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тапсырма Мәтінді оқып шығып, кӛтерілген басты мәселені анықтаңыз. Ӛз кӛзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ӛз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбетіБұл ӛмірде адамдардың жандүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана- сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара ӛзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, ӛзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның ӛзі ӛмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Ӛмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі ӛзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық ӛзгешеліктері де біртіндеп ӛзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сӛйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. жүктеу/скачать 61,64 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |