Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі»
0015d823-9ecd923e
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тапсырма Мәтінді оқып шығып, кӛтерілген басты мәселені анықтаңыз. Ӛз кӛзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ӛз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10] Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – ӛсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және кӛп клеткалылар болып екі топқа бӛлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық ӛзгерістер сыртқы ортаның ӛзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың ӛнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
жүктеу/скачать 61,64 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |