Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5- сынып)
Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым және айтылым:
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу- кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сӛйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі ӛмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым- қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; ӛз пікірін қорғайды және дәлелдейді; ӛз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сӛйлеушінің кӛзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; ӛз сӛздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.
Оқылым:
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей- тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және ӛзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккӛздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың ӛзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.
Жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін кӛрсете отырып, ӛзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |