Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы «Қазақ тілі»



бет27/37
Дата02.01.2022
өлшемі61,64 Kb.
#107956
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
0015d823-9ecd923e

Оқылым Тапсырма


Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.[10]
А мәтіні

Кішкентай Марат пен Дархан кӛрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи бос уақыттарын бірге ӛткізетін. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға кӛп шықпайды. Сондықтан да болар оның мінезі тұйық. Ал Мараттың мінезі кӛңілді, ақжарқын, досының қамын ойлап жүретін бала.

Бір күні Марат орманға саяхатқа барады. Ол гүлдерді қызықтап жүріп, бір кӛбелекті ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып беремін»- дейді. Бір кезде кӛбелек сӛйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш тілегіңді орындаймын». Марат мәз болып, «маған велосипед керек»- дейді. Кӛбелек ӛз жӛніне ұшып кетеді.

Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, велосипед сатып әперіпті. Ол қуанып, велосипедімен ары-бері Дархан досының терезесінің алдынан ӛтеді. Досының

мұңлы кӛзін кӛріп, орманға келіп, маған велосипед те, қиялдағы ұялы телефон да қажет емес деп ойлайды. Ол: «Арман кӛбелегі, досым аяғынан тік тұрып кетсінші, сол тілегімді орындашы»,- деп жалынады.

Үйіне келсе, ата-анасы Дарханның шетелге дәрігерлерге кӛрінуге баратынын айтады. Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, ӛзін атап шақырған дауыстан оянып кетеді. Кӛзін ашса, қарсы алдында досы Дархан тұрады. Қуанып кеткен Марат, ормандағы арман кӛбелегіне іштей алғысын жаудыртады.


1. Қай ақпарат мәтінге сәйкес? [1]

  1. Марат пен Дархан нағыз тату достар.

  2. Марат табиғат аясында ойнағанды ұнатпайды.

А) тек біріншісі В) тек екіншісі С) екеуі де бұрыс

D) екеуі де дұрыс



  1. Қай абзацта Мараттың арманы орындалады? [1] А) І

В) ІІ

С) ІІІ

D) ІV


  1. Мәтіндегі Мараттың орнында сіз болсаңыз, не істер едіңіз? Ойыңызды 3 сӛйлеммен жазыңыз. [3]

Ә мәтіні


Мұрагер

Бір шалдың тӛрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:



  • Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған ӛз байлығы мен ақылын кӛрсетуі керек,— дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің кӛзін кӛрсетіп:

  • Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

  • Мені осы түрімде кӛргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді. Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

  • Мұндай белдікті ешкім, ешқашан тағынып кӛрген емес,—дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

    • Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі:

    • Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ.

Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді. Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сӛзі ұнайды.

Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды ӛсиет етеді.


  1. Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ...

    1. киім киісін

    2. қазына мӛлшерін

    3. ӛзін кӛрсетуін

    4. ӛмірге бейімділігін

  2. Мәтіннің қай бӛлігінде қымбат киім киген ұлы туралы айтылған?

  1. басында

  2. ортасында

  3. соңында




  1. Мәтіндегі ақсақал неліктен мұрагерлігін кенжесіне тапсырады? Ойыңызды 3 сӛйлеммен жазыңыз. [3]






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет