А) өндіріс обьектілерінде Б) энергетикалық жүйелер мен энергоблоктарда В) шахталарда, жер асты және таулы жыныстарда Г) социальді-тұрғын үй ғимараттарында Д) ауыл шаруашылық объектілерде Е) көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда Ж)жарылғыш заттарды залалсыздандырғанда болатын жарылыстар З) жарылғыш заттарды тауып алу АПАТ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚР ДМ апат медицинасының қызметі (АМҚ) –табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шегушілерге шұғыл медициналық көмек пен санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру (профилактикалық), зардап шегушілердің денсаулығын сақтау және қалпына келтіруге бағытталған күш пен шаралардың жиынтығы АМҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЖҮЙЕСІ - ТЖ зардап шеккендерге көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің АМҚ ұйымдастырылу жүйесінде екі сатылық жүйесі бар.
- Алғашқы сатыда мамандандырылған көмек элементтерімен алғашқы дәрігерлік көмек ағзаның витальді қызметін қалпына келтіруге және медициналық эвакуацияны ұйымдастыруға негізделген;
- Екінші сатыда апат ошағынан шалғай орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінде зардап шеккендерді жаппай қабылдау және шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсетіп, оларды белгілі бір нәтижеге дейін емдеу жатады.
АПАТ МЕДИЦИНАСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ - Медициналық сұрыптау АМҚ-нің негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады, себебі ол өте көп зардап шегушілерге жергілікті денсаулық сақтау ұйымының күші мен жағдайы жетпегенде медициналық көмекті уақытында және дұрыс көрсетуді қамтамасыз етеді.
- Шұғыл медициналық көмектің уақтылылығы, үздіксіздігі, және тиімділігі көптеген зардап шегушілердің өмірін, денсаулығын сақтап қалуға, мүгедектікті, өлім көрсеткішін азайтуға көмектеседі.
- Тұрғындарды, басқа да мамандық иелерін ТЖ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау:
Достарыңызбен бөлісу: |