ҚР ДМ апат медицинасының қызметі (АМҚ) –табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шегушілерге шұғыл медициналық көмек пен санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру (профилактикалық), зардап шегушілердің денсаулығын сақтау және қалпына келтіруге бағытталған күш пен шаралардың жиынтығы
АМҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЖҮЙЕСІ
ТЖ зардап шеккендерге көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің АМҚ ұйымдастырылу жүйесінде екі сатылық жүйесі бар.
Алғашқы сатыда мамандандырылған көмек элементтерімен алғашқы дәрігерлік көмек ағзаның витальді қызметін қалпына келтіруге және медициналық эвакуацияны ұйымдастыруға негізделген;
Екінші сатыда апат ошағынан шалғай орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінде зардап шеккендерді жаппай қабылдау және шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсетіп, оларды белгілі бір нәтижеге дейін емдеу жатады.
Медициналық сұрыптау АМҚ-нің негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады, себебі ол өте көп зардап шегушілерге жергілікті денсаулық сақтау ұйымының күші мен жағдайы жетпегенде медициналық көмекті уақытында және дұрыс көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шұғыл медициналық көмектің уақтылылығы, үздіксіздігі, және тиімділігі көптеген зардап шегушілердің өмірін, денсаулығын сақтап қалуға, мүгедектікті, өлім көрсеткішін азайтуға көмектеседі.
Тұрғындарды, басқа да мамандық иелерін ТЖ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындау: