Аса қатты әсер ететін улы заттар жайлы шақырту түссе аға дәрігер ошаққа баратын бригаданың иструктажын жүргізеді, егер жаппай улану болса қорғаныс костюмдері мен противогаздар, «НЕПРИКОСНОВЕННЫЙ ЗАПАС» жәшігін алуды тапсырады;
Қажет болса 103 дәрігері апат орнына өзі шығып қалдық өзгерістерді жоюға бағытталған шараларға жетекшілік етеді.
АСА ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР КЕЗІНДЕ ЖМЖБ ІС ӘРЕКЕТІ
ақпараттық-оперативтік диспетчер бөлімінің аға дәрігерінің нұсқауымен, шұғыл қорғаныс костюмдерін, укладкаларды егу бөлмесінен алып, киініп аса қатты әсер ететін улы заттармен зақымдану аймағына бару (зақымдану ошағының ішкі шекарасы);
Барлық жағдайларда ЖМЖБ қызметкерлеріне тұрғын және өндірістік ғимараттарға, жертөлелерге және басқа орындарға кіруг рұқсат жоқ;
Зақымданушылардың ошақтан эвакуациясын өрт сөндіру бригадасы, немесе құтқарушылар жүзеге асыруы қажет.
АСА ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР КЕЗІНДЕ ЖМЖБ ІС ӘРЕКЕТІ
Ошаққа келген соң зақымданушыларға қажет көмек көрсетіліп, оларды емдік мекемелерге тасымалдау ұйымдастырылады.
Ошаққа бірінші жеткен бригада жетекші болып, зақымданушыларды тізімге алып, А.Т.Ә., тұрғылықты мекен жайын, диагнозын, қай емдік мекемеге жеткізілгенін толырады;
Болып жатқан жайттар туралы әр 30 минут сайын аға дәрігерге баяндап тұрады .