Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал тауда-қазан-мамыр
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал тауда-қазан-мамыр.
Тауда болған кезкелген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал альпинистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.