Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі



бет24/88
Дата08.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#118773
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88
Байланысты:
МҰҒЗАР ӘЛІБИ
Документ

Таудың су тасқыны

Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады. Республика бойынша 300-ден аса осындай қаупі бар тау бассейіндері бар. Әсіресе қауіпті жерлерге Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай тасқындар жыл сайын болып тұрады.

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет