Адам өміріне қауіпті заттарды пайдалынатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.